RU
Бішкектегі митинг: Тұрғындар бірқатар басшының отставкаға кетуін талап етуде (фото, видео)

Бішкектегі митинг: Тұрғындар бірқатар басшының отставкаға кетуін талап етуде (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Қырғызстан астанасы Бішкектегі "Ала-Тоо" орталық алаңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы митинг өтіп жатыр. Наразылық білдірушілер күштік құрылым басшыларының отставкаға кетуін талап етуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Фото: Sputnik / Табылды Кадырбеков

Фото: Sputnik / Табылды Кадырбеков

Наразылық акцияларын қоғам белсенділері ұйымдастырды. Олар митинг өткізу туралы шешімдерін бұдан бұрын хабарлаған, алайда, биліктің келісімін алмады.

Белгілі болғандай, бұндай акциялар елдің басқа да қалаларында жоспарланған.

Бішкектің орталық алаңында өтіп жатқан митингіге 300-ге жуық адам қатысуда. Олар республика билігінен сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуді және парақор шенеуніктерді тұтқындауды талап етуде.

"Біз мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, ішкі істер министрлігінің және экономикалық қылмыстармен күрес жөніндегі мемлекеттік қызметтің басшыларын отставкаға жіберуді талап етеміз", – деп мәлімдеді дауыс зорайтқышпен шараны ұйымдастырушылардың бірі.

Осыдан кейін митинг ұйымдастырушылары мүмкін болған арандатушылық әрекеттерден сақтану үшін жиналғандарды тарауға шақырды. Аталған аумақта құқық қорғау органдарының қызметкерлері кезекшілік жүргізуде. Наразылық акциялары бейбіт түрде өтуде.

Айта кетейік, бұл митингіге қырғыз журналистерінің кедендегі күмәнді іс-әрекеттер туралы зерттеулері түрткі болды. Материал авторларының айтуынша, кедендегі аталған заңсыз әрекеттерге бұрынғы және қызметтерігі бірқатар шенеуніктердің қатысы бар. Журналистердің есебіне сүйенсек, жемқорлардың әрекетінен бірнеше жыл ішінде жүздеген миллион долларға залал келген.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel