RU
"Отбасын жақсы көреді": Күйеуі бар келіншек желіде көңілдесіне шамданды

"Отбасын жақсы көреді": Күйеуі бар келіншек желіде көңілдесіне шамданды

Рассказать Вконтакте

Отбасылы адаммен кездесіп жүрген келіншек желіде мұңын шақты. Оның сөзінше, ол өзінің тұрмыста екеніне қарамастан күйеуінің көзіне шөп салып жүр екен. Сондай ақ көңілдесі оны да отбасын да бірдей жақсы көреді екен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Отбасын жақсы көреді": Күйеуі бар келіншек желіде көңілдесіне шамданды

Көрнекі фото: pxhere.com

Әйел адам жан сырын Instagram-дағы zhenskaya_blogika парақшасында ақтарды.

Үш баласы бар отбасылы адаммен бір жылға жуық кездесіп жүрген келіншек апта сайын көңілдесімен кездесіп, уақыт өткізетінін алға тартты. Оның сөзінше, ер адамның жұбайы күйеуінің не істеп жүргенін тіпті, білмейді екен.

"Отбасылы адаммен кездесіп жүрмін, оның үш баласы бар. Ол менен біршама жас кіші. Менің де күйеуім, бала-шағам бар. Ол өзінің әйелі мен отбасын жақсы көретінін айтады. Бірақ менің жанымда өзін жақсы сезінеді екен. Әр апта сайын екі сағатқа кездесіп тұрамыз. Әйелі, әрине, ештеңе білмейді. Бір жылға жуық біргеміз", - дейді ол.

Әйелі мен көңілдесіне деген сезімінің бірдей екенін айтқан ер адам кейіпкерді түсініксіз күйге жеткізіпті. Әйел адам отбасы мен көңілдесін қалай ғана бірдей жақсы көруге болатынын түсінбей, дал болып отыр екен.

"Ол мені жақсы көретінін, ұнататынын айтады. Десе де әйелі мен көңілдесін бірдей сүюге бола ма екен? Қарым-қатынасымыздың ары кетсе 2-3 айға созылатынына сенімді едім. Алайда кездесіп жүргенімізге бір жыл болып қалды. Кейде оны тастап кеткім келеді. Әйелін аяймын. Бірақ қолымнан келер емес, оған бауыр басып қалған секілдімін", - деп мұңын шақты келіншек.
Сіздің реакцияңыз
13
0
1
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel