RU

"100 мектеп 100 аурухана" бағдарламасына қатысты жаңа жанжал шықты

 Павлодарда Президенттік бағдарлама бойынша салынып жатқан кардиоорталықтың құрылысы тоқтап қалды. 

“100 мектеп 100 аурухана” бағдарламасы бойынша салынып жатқан кардиоорталықтың құрылысы осыдан 3 жыл бұрын басталған болатын. Бірегей медициналық мекеме  алғашқы науқастарын былтырғы жылдың соңында қабылдауы керек еді. Бірақ онсыз да баяу жүргізілген құрылыс жұмыстары ақыры мүлде тоқтап қалды. Өйткені кардиоорталықтың заңсыз салынып жатқандығы белгілі болды. Бастапқыда 3 қабатты ғимарат болып салынуы тиіс орталықтың жобасы қайта өзгергенімен, техникалық құжат сол күйі ресімделмей, құрылыс жалғаса берген. Мұны мердігер компания басшылары да мойындап отыр.

Болат Сейсенов, “Жаңа Құрылыс” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының директоры, бас мердігер:

- Жобаның сметалық құжаттары сараптамадан өткен жоқ, сондықтан мемлекет тарапынан қаржыландыру тоқтатылды. 

 

Осының салдарынан құрылыс алаңында тер төгіп келген 400-ден аса адам айлықтарын ала алмай отыр. Бас мердігердің жұмысшылар алдындағы берешегі 200 млн. теңгеге жеткен. Құрылыс компаниясы бұл жағдайға Денсаулық сақтау министрлігі де жауап беруі тиіс дейді. Олардың сөзінше, шенеуніктер сараптама қорытындысы туралы ешқандай мәлімет бермеген. Бұл жағдай бойынша депуттартар да өз пікірін білдірді.

 

Тито Сыздықов, Мәжіліс депутаты:

- Кінәлі Денсаулық министрлігі, министрі емес, министрлігі. Басшылар ауысып жатыр ғой, бір басшы келеді, соңынан командасы келеді. Енді ана Досқалиевтың командасы жоқ, енді басқа команда. Сонымен футбол ойнағандай, жауапты, керекті объекті іске қосылмай жатыр. 

Кінәлі Денсаулық министрлігі, министрі емес, министрлігі. Басшылар ауысып жатыр ғой, бір басшы келеді, соңынан командасы келеді. Енді ана Досқалиевтың командасы жоқ, енді басқа команда. Сонымен футбол ойнағандай, жауапты, керекті объекті іске қосылмай жатыр.  

Кардиоорталықтың ашылуын науқастардың өзі тағатсыздана күтіп отыр. Миллиондаған тенгеге алынған медициналық жабдықтар шаң басып тұр, ал дәрігерлер жүрек ауруына шалдыққандарды Астана мен Алматыға жөнелтуге мәжбүр. 

 

Ораз Мұқашев, кардиохирург: 

- Шығыс Қазастан мен Павлодарды бірге алып қарағанда, бір жарым миллион халық бар, статистика бойынша жыл сайын мың жарым операция жасау керек. Әрине бізге кардиоорталық, кардиоқызмет бәрі қазіргі заманда өте қажет 

Әзірге  кардиорталықтағы құрылыс жұмыстарының  үштен бірі ғана аяқталған. Ал оған бөлінген 8 миллиард тенгенің басым бөлігі игерілгенін ескерсек, медициналық нысанға бюджеттен  тағы қосымша қаржы қажет болуы мүмкін.

Әзірге  кардиорталықтағы құрылыс жұмыстарының  үштен бірі ғана аяқталған. Ал оған бөлінген 8 миллиард тенгенің басым бөлігі игерілгенін ескерсек, медициналық нысанға бюджеттен  тағы қосымша қаржы қажет болуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/182885-100-mektep-100-auruhana-bagdarlamasyna-katysty-zhana-zhanzhal-shykty.html