RU
Қазақстанда бес бірдей ЖОО-ның лицензиясы тоқтатылды

Қазақстанда бес бірдей ЖОО-ның лицензиясы тоқтатылды

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов еліміздегі университеттерде емтихандар қалай өткізіліп жатқанын және құқық бұзушылар қандай жазаға тартылатынын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Ведомство басшысы тиісті жазбаны Facebook желісіндегі парақшасында жариялады.

Министрдің сөзінше, қазіргі уақытта бағалау жүйесінің тізбесіне енген 13 университет тексерілген.

"Олардың 5-інде бұған дейінгі ескертулер жойылмағандықтан, 5 университеттің лицензиясы бір айға тоқтатылды. Сондай-ақ, 12 жоғары оқу орнына айыппұл салынып, 1 университет бойынша іс сотқа жіберілді.
Жыл соңына дейін тағы 12 ЖОО бойынша бұрын берілген нұсқамалардың орындалуын тексеруді жоспарлап отырмыз", - деді ол.

Аймағамбетов бастама мемлекет басшысы тарапынан қолдауға ие болғанын білдірді.

Оның мәліметінше, премьер-министрдің өкіміне сәйкес үкімет жанынан жоғары оқу орындарын оңтайландыру комиссиясы құрылды.

Аймағамбетов жауапкершілігі төмен ЖОО-лар бар екенін атап өтті.

"20-23 мыңға дейін студент оқитын және олардың көпшілігі, әдетте, сабаққа да бармайтын кейбір өңірлік жеке меншік ЖОО да бар. Сондықтан да Министрлік осындай жағдайлар мен жауапкершілігі төмен ЖОО қатысты қатаң саясат жүргізуде", - деді министр.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
3
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel