RU
Жайдарбек Күнғожинов: Жаназасына бара алмай қалдым

Жайдарбек Күнғожинов: Жаназасына бара алмай қалдым

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал каскадер Жайдарбек Күнғожинов былтыр хэллоуин мерекесі кезінде қайтыс болған Қасым Жұмағожин жайлы алғаш рет жан сырын ақтарды. Қауіпті трюктарды іске асыратын маман өнердегі бауырының өлімі өзіне аса ауыр тигенін жасырмады. Айтуынша, ол бұл жайттан кейін сол жақ қол-аяғы дұрыс қимылдамай, ауруханадан бір-ақ шыққан деп жазады KAZ.NUR.KZ "Если честно" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр/әлеуметтік желілерден. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр/әлеуметтік желілерден. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Күнғожинов марқұм каскадерді есіне алып, оның өлімін қалай естігенін айтып берді. Анықталғандай, Қасым Жұмағожин "Nomad Stunts" командасына алғашқылардың бірі болып келген.

Аталмыш бірлестікті құрған Күнғожинов үшін алғашқы тәлімгерінен айырылу аса ауыр соққы болған.

"Каскадерлік топты құрып жатқанымда Қасым алғашқылардың бірі болып келген маған. Өте қиын болды, әрине. Оның қазасы маған ауыр тиді. Себебі, мен жаңа Зеландияда түсірілімде болдым. Жаназасына бара алмай қалдым. Жүрегі тоқтап қалды. Мұның барлығынан өтіп, қайтадан өмір сүруді жалғастыру оңайға соққан жоқ. Бізде Қасым ғана емес, тағы бір жігітіміз қайтыс болды. Украиналық Юра Матвиенко да менде жұмыс істеген.

Біз Үндістандағы түсірілімді аяқтаған едік. Ол басты рөлдергі кейіпкердің орнына ойнады. Оның өлімі де тура сондай болды. Үйіне келіп, ұйықтап қалған. Содан оянбады. Жүрегі шыдамаған, жүрек талмасынан қайтыс болды. Үнемі медициналық тексерістен өтіп жүресің, бәрі жақсы сияқты болады. Бірақ, бұл өмір болғандықтан мұндай жағдайлар болып тұрады.

Мен қаралы хабарды естіген соң, продакшнға өз жағдайымды айттым. Кетуім керек деген болатынмын. Бірақ, олар мені жібермей қойды. Мен актер болғандықтан олар мені жібере алмады. "Егер кетем десеңіз, бәрі біткені" деді маған. Бұл жағдайдан кейін қатты уайымдағандықтан ауруханадан бір-ақ шықтым. Сол жағым қимылсыз қалды.

Медициналық тексерістен соң, мұндай күйге жүйке жүйесі салдарынан түскенім белгілі болды. Алыста болсам да, сол жақтағылармен байланыста болдым. Отбасына көмектесулерін айттым. Неге екенін білмеймін, бірақ ең үздік адамдар өмірден өтіп жатыр. Қасым да, Юра да сондай ақкөңіл жандар еді. Қасым үнемі салмақты болып жүретін. Қандай жағдай болмасын күліп жүретін. Ол ешқашан ешкіммен ұрыспайтын. Оны бәрі жақсы көрді" , - деді белгілі каскадер.

Сонымен қатар, Жайдарбек Күнғожинов соңғы уақытта Қасымның бойынан бір өзгерісті байқап қалғанын жеткізді.

"Әдетте, көп сөйлемейтін еді. Соңғы кездері көп әңгімелесетін болды. Отырып алып, бір нәрселерді түсіндіріп жүрді. Жаңадан келген жастарды үйерутге асық еді. Балалық шағынан бастап циркте өскен бала ғой. Өте талантты жан болды. Жаңа Зеландиядан келе сала, бірден зиратына бардым. Сосын қырқын өткіздік. Әлі күнге дейін сене алар емеспін" , - деді ол.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel