RU

Тоқаев Қырғызстанға мемлекеттік сапармен барады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook желісіндегі парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

27 қарашада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтің шақыруымен Қырғызстанға мемлекеттік сапармен барады.

Келіссөздер барысында екі ел басшылары Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі ахуалы мен перспективаларын талқылайды және кездесу қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қояды деп жоспарлануда.

28 қарашада Мемлекет басшысы Бішкек қаласында өтетін Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады.

Іс-шаралардың күн тәртібінде Ұйым жұмысы аясындағы өзара іс-қимылдарға қатысты көптеген мәселелер қарастырылып, ҰҚШҰ-ның биыл атқарған жұмыстары бойынша басым бағыттардың жүзеге асырылуы қорытындыланады деп жоспарланған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаев Қырғызстанға мемлекеттік сапармен барады
Mailfire view pixel