RU
Өзбекстан тұрғыны екінші әйел алғаны үшін сотталды

Өзбекстан тұрғыны екінші әйел алғаны үшін сотталды

Рассказать Вконтакте

Өзбекстандық азамат екінші әйел алғаны үшін бір жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Орталық Азия жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Жергілікті басылымдардың жазуынша, екі баласы мен әйелі бар ер азамат 2016 жылы діни жолмен тағы да шаңырақ көтерген.

Ол соттың алдында бірінші әйелі ауырып, оған ұл туып бере алмаған соң, екінші әйел алғанынын жеткізіпті.

Оның екінші әйелі 2018 жылы өмірге ұл әкелген.

Сот отырысы барысында ер адам өз айыбын толықтай мойындайтынын, алайда бірінші отбасына да қажетті жағдай жасап отырғанын айтыпты.

Өзбекстанда көп әйел алуға тыйым салынған.

Еске сала кетсек, көрші ел билігі тойға 200-ден артық қонақ шақыруға тыйым салды.

Өзбекстан парламентінің қос палатасы біріккен отырыста отбасылық шараларды өткізу ережесін бекітті.

Ережеге сай, "Палау беру" рәсіміне шақырылатын адамдар саны 250-ден аспауы тиіс.

Егер қос жұп тойы болса, оған 250-ге дейін ғана адам қатыса алады.

Сондай-ақ, жаңа ережеге сәйкес жаназамен байланысты рәсімдер үш күннен артық созылмауы тиіс

Сіздің реакцияңыз
1
4
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel