RU
Фотограф таңғажайып суреттерін шын мәнінде қалай жасайтынын көрсетті

Фотограф таңғажайып суреттерін шын мәнінде қалай жасайтынын көрсетті

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тың Флорида штатынан шыққан 22 жастағы Крис Эрнандес таңғажайып суреттер жасайды. Оның өнерін Instagram-дағы 100 мың оқырман тамашалайды. Өнерлі жігіт таңдай қалдырарлық туындысын қалай жасайтынын көрсетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жас жігіт әлеуметтік желіде таңғажайып суреттердің жасалу процесімен бөліседі.

Себебі ол сапалы, әдемі сурет шығару үшін дизайні қымбат әрі сәнді жерлерге бару міндетті емес екенін дәлелдегісі келеді.

Ол өзінің жұмыстарына қарапайым кейіпкерлерді таңдап, суреттерді фотошоп арқылы өңдейді.

Әлеуметтік желідегі суреттердің жасалу жолы түсірілген видео көпшіліктің көңілінен шықты.

Оқырмандар он саусағынан өнер тамған жігітке тамсанып, оған жылы лебіздерін жеткізіп жатады.

"Неткен керемет", "Мәссаған", "Керемет жұмыс"", "Бауырым, сен фотографтардың Құдайысың. Сенің өнеріңді жақсы көремін", "Күшті", "Сымдбатты фотограф", "Жұмыстарыңа ғашықпын", "Суреттегі қыздардың терісі сондай әдемі", "Сенің суреттеріңді көрсем, таңғажайып әлемде жүргендеймін", "Құдды бір ертегі секілді", "Жұмыстарыңды жақсы көремін", "Сен өз ісіңнің нағыз шеберісің", "Кереметсің", "Таңғажайып жұмыс", "Мәссаған, суреттерді өңдеуге қандай қосымшаларды қолданатыныңды білгім келеді", "Сөзім жоқ" - деп жазды олар.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel