RU
Судың үстінде сүйіктісіне сөз салған жігіт көпшілікті таңғалдырды (фото, видео)

Судың үстінде сүйіктісіне сөз салған жігіт көпшілікті таңғалдырды (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Крис Гарт пен Лорен Ойе осыдан бірнеше жыл бұрын АҚШ-тың Вайкики қаласындағы Квинс-Бич жағажайында танысқан. Дәл осы жерде жігіт сүйіктісіне тұрмысмқа шығуға ұсыныс жасамақ болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

Қос ғашық серфингпен айналысқанды ұнатады. Ал олардың алғаш бірін-бірі кездестірген Вакики жағажайы олардың сүйікті жеріне айналды.

Ортақ қызығушылық қыз бен жігіттің арасын жалғап, қарапайым достықты махаббат сезіміне айналдырды. Осылайша Крис ақырында олардың алдағы тағдыры туралы маңызды шешім қабылдады.

Жігіт осыдан бірнеше жыл бұрын сүйіктімен танысқан жерде оған сөз салды. Ол серфингпен айналысып жатқан кезде тақтаның үстіне тізерлеп, ғашығына ұсыныс жасады. Ол көптен күткен сұраған қойғанда Лорен "иә" деп жауап қатты.

Алайда жігіт қалтасынан алған сақинасын кигізгелі жатқан жүзікті мухитқа түсіріп алды деп жазады Daily Mail.

""Біз толықынды ұстай алдық мен артыма қарап қалсам, ол бір тізесін бүгіп, қолына сақина бар қораппен тұр екен. Бір кезде: "Лорен, мен сені сүйемін! Маған тұрмысқа шығасың ба?" деп сұрады. О баста мұны қалжың деп ойлап қалдым. Бірақ кейін мұның рас екенін түсіндім" , - дейді ару.

Десе де бойжеткен сақинасыз қалған жоқ. Тапқыр жігіт барлық жағдайды алыдын ала ойластырып қойыпты. Ол жүзіктің жоғалып кету қаупі басым екенін түсініп, тағы бір сақинаны жағажайға тастап кетіпті.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel