RU
Жұмыстан қуылған күйеуін сынаған келіншек желіде өзі талқыға түсті

Жұмыстан қуылған күйеуін сынаған келіншек желіде өзі талқыға түсті

Рассказать Вконтакте

Reddit желісінің whiterosesblackroses есімді қолданушысы күйеуіне оның жұмысын кез келген адам істей алатынын айтып, оны ренжітіп алғанын айтты. Жазба желіде кеңінен таралып, көпшіліктің қызу талқысына түсті. Көпшілік оқиғаны бүкпесіз жайып жіберген әйелді кінәлі деп тапты деп жазады KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Жұмыстан қуылған күйеуін сынаған келіншек желіде өзі талқыға түсті

Көрнекі фото: pixabay.com

Жазба авторының күйеуі өзі үшін тым ауыр жұмысқа орналасыпты. Бірінші аптадан-ақ басшысы одан келісілмеген міндеттерді орындауды талап етті.

Бұл ретте ер адамның мұндай істерді жүргізу тәжірибесі болған жоқ. Сонымен қатар, басшысы өз қарамағындағы қызметкерлерге жиі дауыс көтерді

Оқиғаны баяндаған әйелдің жұбайы күн сайын үйге көңілсіз келіп жүрді. Түбінде ол бір басшыдан келген хатты екіншісіне жібермегені үшін жұмыстан қуылыпты.

Ер адам мұндай жаңалықты жақсы қабылдағанымен әйелінен жұмыстан кеткені үшін жағымсыз сөз естіпті.

Келіншек ер адам істей алмаған жұмысты оның орнында кез келген адам жасай адар еді деген екен.

Отағасы өзін жолы болмайтын жан ретінде көрген жұбайына ренжіген. Алайда әйел адам оған тек шындықты айтқанын алға тартты.

Reddit желісінің оқырмандары ер адамды қолдады.

"Сен жанашыр емессің. Бұл кім-кімнің болсын титығына тиеді", "Адамдар әрдайым мұндай "шындықты" естуге міндетті емес. Күйеуіңді қолда", - деп жазды олар.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel