RU
Қарағандыда анасы соққыға жыққан 6 жасар бала ауруханаға жеткізілді

Қарағандыда анасы соққыға жыққан 6 жасар бала ауруханаға жеткізілді

Рассказать Вконтакте

Қарағандыда беті мен денесінен жарақаттанған алты жастағы бала биологиялық анасынан алынды. Полиция осыған байланысты қылмыстық іс қозғады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Жарақаттанған баланы жедел жәрдем қызметі ауруханаға жеткізді.

Бүлдіршін анасы және өгей әкесімен тұрған.

Әлеуметтік желілерде отбасындағы қиын жағдай туралы хабарлама жарияланғаннан кейін Қарағанды қаласының білім бөлімінің қызметкерлері баланы анасынан алуға көмектесті.

Бастапқыда ерлі-зайыптылар Петропавлда тұрған. Бірақ көп ұзамай олар ажырасып, анасы баласын алып кетіпті. Биологиялық әке баласының жағдайын естігеннен кейін, бірден Қарағандыға келген.

"Баланың ресми заңды өкілі әкесі болып табылады. Ол Қарағандыға басқа қаладан келген. Қазіргі уақытта бала медициналық мекемеде жатыр", - деді Қарағанды қаласының білім басқармасы.

Полиция қазірдің өзінде зардап шеккен баланың анасына қарсы шара қолдануда.

"Анасы мен өгей әкесіне қатысты Қылмыстық кодекстің 140-бабы "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу бойынша міндеттемелерді орындамағаны" бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді полиция департаменті.
Сіздің реакцияңыз
3
0
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel