RU
Желіде анасын тойханаға тақпен кіргізген азаматтардың видеосы тарады

Желіде анасын тойханаға тақпен кіргізген азаматтардың видеосы тарады

Рассказать Вконтакте

Желіде тойханаға аналарын таққа отырғызып әкелген видео тарап кетті. Онда жасы егде тартқан әжейдің тақта отырғанын анық көруге болады. Сонымен бірге той иелері тақта отырған аналарымен кезек-кезек суретке түскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Скриншот видеодан алынды

Скриншот видеодан алынды

Видео әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде пайда болған. Жазба авторы:

"Аналарымыз 100 жасасын! Аналарымызды белгілеп кетейікші!" , - деген қысқа ғана жазба қалдырған.

Сонымен бірге видеодан:

"Әрбір адам Алланың разылығын алу үшін, бірінші ананы құрметтеу керек дейді. Құдай қаласа бұл кісінің пенсиясын құр жөнелте бермей, осылай құрметтеңіздер. Анамыз аман болып, 100-ге келген тойын жасауға Алла нәсіп етсін" деген той асабасының сөзін анық естуге болады.

Той иелері аналарын ортаға тақпен әкелген соң, онымен суретке түсуді жөн көрген. Олар тақтың жанына барып, кезек-кезек суретке түскен.

Айта кетейік, осыдан бірер апта бұрын желіде тойханаға жылқыны әйелген видео тарап кетіп еді. Өкініштісі төрт түлік тойхана еденінде жүре алмай, той ортасында құлаған еді. Содан бері желі қолданушылары тойға жылқыны әкелудің қажеті жоқ екенін айтып, видео көпшілік тарапынан сынға ұшыраған болатын. Аталмыш видеоны белгілі қазақстандық журналист Жарас Ниязбек те сынға алған еді.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
9
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel