RU

Алматыда 263 отбасы BI Group компаниясының пәтерлеріне ие болды

Розыбакиев және Байқадамов көшелерінің қиылысында орналасқан Бостандық ауданындағы Atameken тұрғын үй кешенінің терезесінен Іле Алатауына керемет көрініс ашылады. Тұрғындар үшін Жаңа жылға басты сыйлық - кешеннің уақытынан ерте пайдалануға берілуі болды.

Алматыда 263 отбасы BI Group компаниясының пәтерлеріне ие болды

Құрылысшылар шақырған қоныс иелерінің қуанышты салтанатын BI Development Almaty басшысы Айдос Мұқатаев ашып берді.

Алматыда 263 отбасы BI Group компаниясының пәтерлеріне ие болды
«Бүгін BI Group жанұясы кеңейе түсті. 14 ай бойы жобаның командасы кешенді қолданысқа беру жолында еңбек етті. Компания клиенттеріне таңдауы мен бізге артылған сенімдері үшін алғысымызды айтамыз. Пәтер сатып алу – әрбір адамның өміріндегі маңызды қадам. Біз сіздер өмірлеріңізді BI Group компаниясымен байланыстырғандарыңызға бек қуаныштымыз», - деді А.Мұқатаев.

Сонымен қатар, шараны қызықты би мен жанды дауыстағы ән, тұрмыстық техника үйлестірілетін сертификаттар ұтыстары әрлей түсті. Дәстүр бойынша жаңа үйдің ақсақалы өз батасын берді.

Алматыда 263 отбасы BI Group компаниясының пәтерлеріне ие болды

Сондай-ақ, тұрғындарды жаңа қоныспен құттықтап, өз ниетін жобаның жетекшісі Дулат Елубаев та білдірді.

«Atameken тұрғын үй кешені 12 қабаттан тұратын 2 үйді қамтиды. Пәтерлердің төбе биіктігі 3 метрге тең. Аулада балаларға арналған және workout алаңдар бар. Шағын сәулет нысандары ерекше көңіл күй сыйлап, үйдің нышанына айналды. Тұрғындардың қолайлығы үшін екідеңгейлі паркинг қарастырылған. Қауіпсіздік мақсатында аулаға жедел қызмет көліктерінен өзге автокөліктерді кіргізуге рұқсат етілмейді. Аймақта тәулік бойы бейнебақылау жұмыс істейді. Үйлердің қасбеті табиғи тастан – травертин мен граниттен соғылды. Бұл үйдің сыртқы пішінін де әрлеп тұрады», - деді ол.
Алматыда 263 отбасы BI Group компаниясының пәтерлеріне ие болды

Тұрғындардың ішінде BI Group-тың жылжымайтын мүлкін бірнеше мәрте иеленіп отырғандар да, алғаш алып отырғандар да бар. Барлық тұрғындарды біріктіретін бір құндылық – ол шаршы метрлер ғана емес, жайлылық пен қауіпсіздік.

«Бұл менің BI Group-тан алып отырған алғашқы мүлкім. 5 жыл бойы пәтер іздедім, алайда таппадым. Ұсыныстар бойынша сіздердің компанияларыңызға келіп Atameken ТК-ден баспана алдым. Шынымды айтсам, күткенімнен әлдеқайда жақсы әсер алдым. Аула мен үйдің қасбеті толық көңілімнен шықты. Мереке де ойдағыдай өтті. Мен баршаңыздың осы үйде берекелі болып, қоныстарыңыз ұзақ жылдарға созылғанын қалаймын», - деді Atameken ТК-де қоныс тойын мерекелеген Светлана Пак.

Айта кетейік, кешеннің сейсмикалық қауіпсіздігіне баса назар аударылды. Ғимаратты әзірлеумен және авторлық қадағалаумен ТМД елдерінде танымал, құрылыс саласындағы жетекші мекеме болып табылатын Қазақ мемлекеттік құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) айналысты.

Алматыда 263 отбасы BI Group компаниясының пәтерлеріне ие болды

Өз кезегінде, BI Group командасы қоныстанушыларға жаңа үйде ырыс пен берекеге кенелуді тілейді!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1828911-almatyda-263-otbasy-bi-group-kompaniasyny-pterlerine-ie-boldy.html