Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде 2 миллионға жуық оқырманы бар әнші үйінде өлі күйінде табылды

Опубликовано:

Оңтүстік Кореялық әнші әрі актриса Гу Хара қайтыс болды. 28 жастағы өнер иесі Сеулдегі үйінде өлі табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Life.ru-ға сілтеме жасап.

Алдын-ала мәлімет бойынша, құқық қорғау қызметкерлері оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын бастаған.

Белгілі әншінің неден көз жұмғаны әзірге белгісіз.

Басылым мәліметінше, осы жылдың көктемінде күйзелісте жүрген Гу Хара өз-өзіне қол жұмсамақ болыпты.

Оңтүстік Кореялық әнші көпшілікке Kara тобының құрамында өнер көрсетіп жүрген кезде танылды.

Бұл топ 2007 жылы құрылған болатын.

Гу Хара әлеуметтік желіде белсенді болған.

Оның Instagram-дағы парақшасына 2 миллионға жуық оқырман жазылған.

Өнер иесі желіде соңғы рет екі күн бұрын, "Қайырлы түн" деген жазба қалдырған.

Гу Хараның мезгілсіз қазасы оның жанкүйерлеріне ауыр тиді.

Әншінің тыңдармандары желіде өнер иесі туралы естеліктермен бөлісіп, қимайтындықтарын жеткізуде.

Айта кетейік, 2019 жылдың қазан айында тағы бір корей әншісі 25 жастағы Чхве Чжин Ридің көз жұмғаны белгілі болды.

Ол Солли лақап атымен өнер көрсеткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1828913-zelide-2-millionga-zuyk-okyrmany-bar-nsi-jinde-li-kjinde-tabyldy-foto/

pixel