RU
Түркістанда полиция қызметкерін балағаттаған тұрғын қамауға алынды

Түркістанда полиция қызметкерін балағаттаған тұрғын қамауға алынды

Рассказать Вконтакте

Түркістан қаласында полиция қызметкерін балағаттаған тұрғын жеті тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы өңірдің Полиция департаменті ресми мәлімет таратты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Айта кетейік, ер адамның жол бойында тұрған полиция қызметкерлеріне дөрекілік танытып, балағаттаған бейне өрнісі Facebook әлеуметтік желісінде тарап кеткен еді. Онда ашуға булыққан азамат тәртіп сақшыларын төбелеске шақырып, намыстарына тиетін сөз айтқан. Алайда полиция қызметкерлері ешқандай әрекет жасамай, оған қарап тұрған. Бүгін осы көрініске байланысты облыстық ПД тарапынан тәртіп бұзушыға шара қолданылып, әкімшілік жазаға тарқаны белгілі болды.

"Әлеуметтік желіге жарияланған бейнекөріністегі жағдай бойынша қажетті іс-шаралар жүзеге асырылды. Қазіргі таңда аталған жайт Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша тіркеліп, тәртіп бұзушы 7 тәулікке қамауға алынған" ,-делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше Түркістан облысында төрт көліктің қатысуымен орын алған жол апатынан 15 адам әр түрлі жарақат алды. Сондай-ақ, жеңіл көліктің бірі оқиға салдарынан жанып кетті.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel