RU
Шуда 30 жастағы жігіт қалыңдықты жұмыс орнынан алып қашпақ болған (видео 18+)

Шуда 30 жастағы жігіт қалыңдықты жұмыс орнынан алып қашпақ болған (видео 18+)

Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысында жас жігіт қалыңдықты жұмыс орнынан алып қашпақ болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

NUR.KZ редакциясына ашуға булыққан жас жігіттің видеосы келіп түсті. Мәдениетсіз сөйлеген ол есікті сындыруға тырысып жатқаны байқалады.

Белгілі болғандай, 30 жастағы азамат 20 жастағы қызды үйлену мақсатында ұрлап кетпек болған. Қыздан теріс жауап алған азамат оны жұмыстан күшпен алып кеткісі келген, ал бойжеткен үшін әріптесі ортаға түсіпті. Кикілжің нәтижесінде қорғаушы пышақ жарақатын алып, Шу қаласы орталық аудандық ауруханаға жеткізілді.

Полиция оқиғаға қатысты пікір білдірді. Видео 18 қараша күні түсірілген болып шықты.

"18 қараша күні Шу АПБ кезекші бөліміні Шу АОБ-ға пышақ жарақаты бар азамат түскені туралы хабарлама келді. Тергеу барысында полиция қызметкерлері оның жұмыста жарақат алғанын анықтады.
Оқиға орнына келіп жеткен тәртіп сақшылары 30 жастағы күдіктіні ұстады. Ол өз кінәсін мойындады. Тергеу соты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасын қабылдады. Қазір ҚК 293- бабы 3- бөлімі 2- тармағы бойынша сот алды тергеу жұмыстары басталды",- деді полицияда.

Айта кетейік, аталған әрекетке 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан шектеу немесе айыру жазасы қолданылады.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel