Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда екі жасар өгей баласын ұрып өлтірді деген күдіктіге қатысты іс аяқталды

Опубликовано:

Алматыда екі жасар өгей баласын ұрып өлтірді деген күдіктіге қатысты іс аяқталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter
"1985 жылы туған азаматқа қатысты іс аяқталды. Күдікті ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 3-тармағына сәйкес айыпталуда және іс Алматы қаласындағы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотқа жолданды. Аталған бап талаптары күдіктіні 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді", - деді қалалық прокуатураның баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Алматыда 2 жасар баланы соққыға жыққан ер адам ұсталды. Оқиға 23 қыркүйек күні болған.

Медицина қызметкерлері 2 жасар ұл баланың ес-түссіз жатқанын айтты. Баланың миында қан ұйыған, көп жарақат алған, іші соғылған, аяқ-қолдары ұрылған. Ол комаға түсіп қалған. Кейін таяқ жеген бала есін жимастан ауруханада қайтыс болды.

Айта кетейік, Қарағандыда беті мен денесінен жарақаттанған алты жастағы бала биологиялық анасынан алынды. Полиция осыған байланысты қылмыстық іс қозғады. Жарақаттанған баланы жедел жәрдем қызметі ауруханаға жеткізді.

Бүлдіршін анасы және өгей әкесімен тұрған. Әлеуметтік желілерде отбасындағы қиын жағдай туралы хабарлама жарияланғаннан кейін Қарағанды қаласының білім бөлімінің қызметкерлері баланы анасынан алуға көмектесті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1828945-almatyda-eki-zasar-gej-balasyn-ryp-ltirdi-degen-kdiktige-katysty-is-aaktaldy/

pixel