RU
Петропавлда екі студент қызды көлік қағып кетті

Петропавлда екі студент қызды көлік қағып кетті

Рассказать Вконтакте

Петропавлда өткен демалыс күндері екі студент қызды көлік қағып, соның салдарынан екеуі де дене жарақатын алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: Хабар 24

Көрнекі фото: Хабар 24

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері көлік жүргізушілерді де, жаяу жүргіншілерді де жолда абай болуға шақырады. Қыс мезгілінің келуіне байланысты жол жағдайы нашарлап, көктайғақ салдары жол-көлік апатына әкелуі мүмкін.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінен мәлім еткендей, осындай оқиғалардың бірі 23 қараша күні Петропавл қаласында болды. Кешкі сағат 19.00-дар шамасында Н.Назарбаев-Жуков көшелерінің қиылысында жолдан өтіп бара жатқан облыс орталығының 16 жастағы тұрғынын "ВАЗ" көлігі соғып кетті. Зардап шеккен студент қыз дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Жол оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Енді бір жол апаты 24 қараша күні болған. Потанин көшесінен өтіп бара жатқан 17 жастағы қызды көлік соғып, дене жарақатын алды.

"Ауа-райына байланысты қырағылықты екі есе арттыру керек. Жолдан тек арнайы жаяу жүргінші жолымен өту қажет. Онда да келе жатқан автокөлік тоқтап жол берген жағдайда және қауіпсіз екендігіне көз жеткізгенде ғана өтуге болады", - дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Айдын Байматов.

СҚО-да жолдағы өрескел ереже бұзушылықты анықтау мақсатында ұйымдастырылған "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы аяқталды. Тәртіп сақшыларының сөзіне қарағанда, жол-көлік оқиғаларының туындауына көп жағдайда қолайсыз ауа-райы себеп болады екен.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel