Выйти
RU

Головкин тұңғышына өз есімін берген аргентиналық жанкүйеріне жауап берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жуырда қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің жанкүйері өз ұлын чемпионның құрметіне атағаны белгілі болды. Мұндай хабарға спортшы көп күттірмей бірден жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Аргентиналық жас әкеге жолданған үндеу GGG-дің Twitter-дегі парақшасында пайда болды.

"Мен қуаныштымын! Сіздің қолдауыңыз үшін рақмет. Болашақ чемпионға менің ең жақсы тілектерімді жеткізіңіз!", - деп жазды қазақстандық спортшы.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін GGG аты берілген аргентиналық бала 2 жасқа толды.

Оның толық аты - Геннадий Микеас Асеведо. Қазақстандық боксшының құрметіне баласына ат қойған ер адам туралы оның ағасы хабарлады.

Өз сөздерін дәлелдей отырып, ол Twitter-дегі жазбаға қосымша ретінде кішкентай Геннадийдің Оңтүстік Америкада туғанын және есімін растайтын туу туралы куәлігін де жүктеді.

Спортшының ағасы Густаво Асеведо баланың әкесі - Головкиннің үлкен жанкүйері екенін айтты.

Ол қазақстандық спортшыдан мүмкіндік болса, хабарламаға жауап беруді өтінді. Сөзінше, бұл оның інісіне қуаныш сыйлаған болар еді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы мексикалық отбасы боксшының құрметіне өз баласына атағаны туралы ақпарат пайда болған еді.

Сол кезде Лос-Анджелесте өткен баспасөз жиынында GGG өзінің кішкентай аттасымен суретке түсті.

Украиналық Сергей Деревянченконы жеңгеннен кейін Геннадий Головкин тағы да IBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы чемпион атанды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Головкин тұңғышына өз есімін берген аргентиналық жанкүйеріне жауап берді