RU
Түркістан облысында 14 жастағы бала табыс табу үшін үйінен кетіп қалған

Түркістан облысында 14 жастағы бала табыс табу үшін үйінен кетіп қалған

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысы төле би ауданына қарасты ауылдардың бірінде 2005 жылы туған ұл бала із-түзсіз жоғалды. Ешкімге ескертпестен үйден белгісіз жаққа шығып кеткен жасөспірімді ата-анасы мен туыстары, полицейлер үш күн бойы іздеген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысында полицейлер табыс табу үшін үйінен кетіп қалған 14 жастағы баланы тапты

Фото: KAZ.NUR.KZ

Іздестіру нәтижесінде жасөспірім бала өз ауылынан 25 шақырым жерде орналасқан Ленгір қаласынан табылған.

Тергеу барысында аудан орталығында жеткіншектің өзінен жасы үлкен жігітпен танысқаны анықталды.

Ол жаңа танысына "жұмыс істеп, ақша тапқысы келетінін" айтып, үйіне тұруға рұқсат сұрапты.

Одан соң жасөспірім сол танысының үйінде тұрақтап қалған. Өз маңдай терімен тиын тапқысы келген 14 жастағы баланы тәртіп сақшылары әкесіне аман-есен табыстады.

"Өз кезегінде ұлын аман-есен тауып бергені үшін әкесі полицейлерге ризашылығын білдірді. Тәртіп сақшыларының кәсіби шеберлігіне, қырағылығына алғысын жаудырып, жұмыстарына табыс тіледі," - деп мәлімдеді Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетсек, Жамбыл облысында 30 жастағы жігіт қалыңдықты жұмыс орнынан алып қашпақ болғаны туралы жариялаған болатынбыз.

Қыздан теріс жауап алған азамат оны жұмыстан күшпен алып кеткісі келген, ал бойжеткен үшін әріптесі ортаға түсіпті.

Кикілжің нәтижесінде қорғаушы жігіт пышақ жарақатын алып, Шу қаласы орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel