RU
Қазақстандықтар елге оралу үшін Париждегі әуежайда рейсті 13 сағат күткен

Қазақстандықтар елге оралу үшін Париждегі әуежайда рейсті 13 сағат күткен

Рассказать Вконтакте

24 қараша күні Парижден отанына оралуы керек болған қазақстандықтар әуежайда 13 сағат бойы рейсті күтуге міндетті болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандықтар отанына оралу үшін Париждегі әуежайда рейсті 13 сағат күткен

Көрнекі фото: pixabay.com

Париж Нұр-Сұлтан бағытында ұшуы керек болған КС 224 рейсі техникалық себептермен кейінге қалдырылғаны белгілі.

Қазақстандықтар рейсті 24 қараша күні 23:15-тен 25 қарашаның 13:00-не дейін күтті. Ұшуды күткен уақыт 13 сағат 29 минутты құрады.

Кейінге шегерілген рейстің жолаушыларына ұшақ бортында да, әуежай аумағында да тамақ берілді. Бұдан басқа, әуекомпания клиенттеріне әрбір 30 минут сайын рейс жағдайы туралы ақпарат берілді. Ақпарат үш тілде қайталанды.

Рейс кейнге ауыстырылғандықтан кейбір жолаушыларда визамен қиындықтар пайда болды. Францияның көші-қон қызметі оларды Парижге қайта кіргізген жоқ. Сол себептрі олап бизнес лаунжге орналастырылды. Сондай-ақ, клиенттердің бір бөлігі қонақ үйден орын алды.

Транзиттік аймақтағы қонақ үйде бос орындардың жетіспеушілігінен 6 әйел адам бір бөлмеге орналасты. Олардың тең жартысы егде жаста, ал кейбірі жүкті.

"Француз билігінің әрекетсіздігі" және жолаушыларға қонақ үйге тұрақтауға рұқсат етпеуі жағдайды ушықтыра түсті,

Әуекомпания көші-қон қызметіне мұндай келеңсіз жағдайлар туралы алдын ала хабарлау керек екенін айтып, хат жазды.

Кешіктірілген рейс жолаушыларының бірі Тengrinews.kz порталына "өзін қашқын секілді" сезінгенін алға тартты. Оның сөзінше, француз тарапы оған оның азаматтығы жоқтай қарапты.

Ер адам ұшақ бортына екі сағат күткеннен кейін тамақтану үшін кіргенін айтты. Ол кезде кейбір жолаушылардың виза мен ақшалары таусылған. Сол себепті олар әуежай аумағында 13 сағат күтуге мәжбүр болды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel