RU
Павлодар облысында полиция жауап алуға шақырған ер адам өз-өзіне қол салды

Павлодар облысында полиция жауап алуға шақырған ер адам өз-өзіне қол салды

Рассказать Вконтакте

Павлодар облысының тұрғыны полиция қызметкерлеріне жауап бергеннен кейін туысының үйінің кіреберісінде өз-өзіне қол салған. Бұл туралы оның туыстары әлеуметтік желіде хабарлады деп жазады Sputnik Қазақстан.

павлодар

Көрнекі фото: donday.ru

Жақындарының сөзінше, 21 қараша күні Ақкөл ауылының жылқышы екі азаматты жұмыс уақытында учаскелік полицей Екібастұзға алып кеткен.

Олардың біреуі жолда үйіне соғып, киімін ауыстырыпты. Тәртіп сақшысы не үшін ұстағанын білмейтінін, өзіне полиция бөлімшесіне жеткізу тапсырылғанын айтқан.

Марқұмның туыстары жауап алу сол күні сағат 23-30-ға дейін жалғасқанын алға тартты. Артынша ер адам үйіне хабарласып, келесі күні сағат 10:00-де қайта жалғасатынын хабарлаған.

Жылқышының үйіне келетін ақшасы болмаған соң, полицейлер оны қаладағы туыстарына жеткізіп тастапты.

Алайда ертеңіне сағат 11:00-де әйелінің қоңырауына полиция жауап беріп, ер адамның өз-өзіне қол салғанын айтқан.

Марқұмның жақындары енді куәгерлерді іздестіруде. Олар бар шындықты біліп, кінәлілер жазаланғанын қалайды.

Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі мұндай фактінің тіркелгенін Sputnik Қазақстанға растады. Ер адамның денесі туысының үйінің алдында табылған.

"Бұл фактіге сәйкес,қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу ) сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды", - деді ол.

Осыған орай, жеке қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр. 1971 жылы туған азамат шаруа қожалықтардың бірінде жылқышы болған.

"Бұған дейін ол 48 бас жылқысы жоғалған адамға бұл қылмысты кім жасағанын айтқан. Осыған байланысты 21 қараша күні куәгер ретінде полицияға жауап алуға шақырылды", - деді полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

"Бұл іс Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімовтің жеке бақылауында. Өзге ақпарат хабарланбайды", - деп жазылған баспасөзге берілген ақпаратта.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel