Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұлдарыма рахмет": Айдарбекова қыз сыйлаған келіндерін жер-көкке сыйғызбай мақтады

Опубликовано:

Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлдары өзінің қандай асыл арманын орындағанын айтты. Қайрат Нұртастың анасы отбасына қатысты жан сырын ақтарып, шаңырағына түскен келіндерін жер-көкке сыйғызбай мақтады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бүгінде үш ұлдың анасы болып отырған Гүлзира Айдарбекова әрдайым қыз баланы армандап жүргенін жасырмады.

Алайда өзі қызды дүниеге әкелмесе де, перзенттерінің арқасында қызды болған. Қайрат пен Аян үйге тәрбиелі келін түсіріп, анасының бұрыннан келе жатқан арманын орындап берген.

Бұл тұрғыда Айдарбекова Instagram парақшасында арнайы жазба қалдырып, екі ұлының әйелдері өз қызындай болып кеткенін жеткізді.

"Анашыма сіңілім жоқ деп қаншама жылдар ренішімді білдіріп, одан соң өзімде қыз болмады деп жүрегімде бір арман тұрушы еді. Аллаға сансыз шүкір, менің жанұяма осындай жүректері де өздері де сұп-сұлу қыздарды нәсіп еткеніне. Ұлдарыма рақмет!Алла өмір жастарын ұзааақ етсін! Тағы да осындай сұлуларды Алла бұйырта берсін, сіздерге де маған да" , - деп жазды ол.

Жұлдызды әулеттің отанасы келіндері көңілінен шығып жүргенін айтып, олардың жер-көкке сыйғызбай мақтаған.

Желі қолданушулары продюсердің бұл жазбасына тәнті болып, танымал отбасыға ақ тілектерін жаудырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1828982-ldaryma-rahmet-ajdarbekova-kyz-syjlagan-kelinderin-zer-kkke-syjgyzbaj-maktady/

pixel