RU
Дәрігерлер неге мандаринді көп жеуге болмайтынын түсіндірді

Дәрігерлер неге мандаринді көп жеуге болмайтынын түсіндірді

Рассказать Вконтакте

Дәрігерлер күн сайын төрт мандарин жеу денсаулыққа пайдалы екенін мәлімдеді. Олар аталған жеміс-жидек иммунитетті арттырып, азғадағы токсиндерді шығарып, көңіл-күйді көтеретінін растады. Сол себепті Жаңа жыл мерекесінде мандариндерді қолдану дәстүрге айналған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Риа Новости-ге сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay

Көрнекі фото: pixabay

"Орташа тәуліктік дозасы - төрт мандарин ... күн сайын мандарин мөлшерін асырмай тұтынуға болады", - деді ресейлік дәрігер-диетолог Тамара Прунцева.

Ол Жаңа жылдық мерекелерде мандаринді жеу дәстүрі цитрустық жемістерге қарсы көрсетілімдер және аллергиялық реакциялар болмаса пайдалы екенін айтты.

Диетолог Елена Тихомирова әріптесімен келісетінін жеткізді. Оның айтуынша, қыста адам ағзасына, әдетте, дәрумендер жетіспейді, сондықтан жемістерді міндетті түрде жеу қажет.

Маман мандариндер төмен калориялы өнім болып табылатынын, аталған жеміс-жидектің дәрумендерге, оның ішінде С дәруменіне бай екенін растады.

Ол "жаңа жылдың символын" қолданар алдында міндетті түрде жуу керектігін ескертті.

Дәрігерлер мандариннің зиянды тұсы бар екенін де жасырмады.

Олар аталған жемісті мөлшерінен артық пайдаланған жағдайда азғадағы аллергиялық реакциялардың дамитынын жеткізді.

Сондай-ақ, мандаринді көп қолдану асқазан-ішек жолдарының созылмалы ауруларының өршуіне әкелуі мүмкін екенін білдірді.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel