RU
"Жас көрінесің деген сайын": Балаша секірген Жазира Байырбекова сынға ұшырады

"Жас көрінесің деген сайын": Балаша секірген Жазира Байырбекова сынға ұшырады

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Жазира Байырбекова көлік тұрағында секіріп жүгірген видеосын жариялап, елден оңбай сөз естіді. Желідегілер өнер иесін жасына сай емес қылық танытқаны үшін сынаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Эстрада жұлдызы Instagram парақшасына салған бейнежазбасының кесірінен кері пікірлерге ие болды.

Әншінің оқырмандары оны балаша асыр-салып секіре жүгіргені үшін сөгіп тастады.

Видеодан Жазира Байырбекованың шыр айнала билегенін де көруге болады.

Кейбір желі қолданушылары өнер иесінің бұл қылығын еркелікке баласа, енді бірі оны жасына сай емес әрекетке бой алдырғаны үшін сынауға кірісті.

"Әдемісіз, сөз жоқ. Бірақ, жас көрінесіз деген сайын не болып барасыз? Оқушы сияқты секіргеніңіз артық" , "Сабырлы, сәлиқалы әйел болсаңшы, ұят қайда?" , "Әдемі, осылай үнемі құлпырып, керемет көңіл-күйде жүре беріңіз" , "Жазира жеңге әлі 18-де ғой ", "Ерке қыз, өзіңе жарасымды" , "Ұнап тұрған жоқ. Жасына сай қылық танытпайды ма" , "Ешкім жоқта Жанболатқа еркелеген түрі ғой", "Ағамызға еркелеп шауып жүре беріңіз" , - деп жазуда көпшілік.

Естеріңзіге сала кетсек, бұған дейін кезекті ашық фотосессиясымен көзге түскен Кәмшат Жолдыбаева туралы жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
5
1
1
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel