RU
Қызының бұрынғы жігітіне ғашық болған әке балалы болуға ниеттеніп отыр

Қызының бұрынғы жігітіне ғашық болған әке балалы болуға ниеттеніп отыр

Рассказать Вконтакте

АҚШ-та ер адам қызының бұрынғы жігітімен қарым-қатынасқа түсіп, жақында суррогатты жолмен балалы болмақ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Барри Дрюитт-Барлоу мен оның күйеуі Тони 1996 жылы Ұлыбританияда алғашқы бір жынысты ата-аналар атанған. Кейінірек жұптар америкалық Флорида штатына көшіп кетеді. Олар АҚШ-та суррогатты анаға қатысты кәсіппен айналысады.

2006 жылы Тониден қатерлі ісік дерті анықталады. Серіктесі ем қабьылдап жүргенде, Барри өзіне Скотт Хатчинсон есімді көмекші табады.

50 жастағы Барри дертімен күресіп жүрген Тониден айырылысып, 25 жастағы Хатчинсонмен қарым-қатынасын бастайды. Айта кету керек, Хатчинсон бұған дейін бастығының 19 жастағы қызымен кездескен. қазір олардың бәрі бір шаңырақ астында өмір сүруде.

Барри мен Хатчинсон суррогатты жолмен балалы болуды жоспарлап жүр. Олар балаларының егіз қыздар болғанын қалайды.

Барри отбасының біржынысты екеніне қарамастан, болашақ балаларын негативтен қорғайтынын мәлімдеген. Тони болса ғашықтардың жоспарын толығымен қолдап, олардың балаларына кіндік әке болуға ниеттеніп отыр.

Сіздің реакцияңыз
6
9
6
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel