RU
Алматы әкімдігі маңында жаппай жол апаты болды (фото)

Алматы әкімдігі маңында жаппай жол апаты болды (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматыда қымбат автокөліктердің қатысуымен жаппай жол апаты болды. Жол-көлік оқиғасы қалалық әкімдікке жақын Сәтпаев пен Назарбаев көшелерінің қиылысында болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Sputnik / Стрингер

Фото: Sputnik / Стрингер

Алдын-ала тараған ақпарат бойынша, жол апатынан 5 қымбат автокөлік зардап шеккен. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

Оқиғаның куәгерлері соқтығысудың Porsche Panamera маркалы автокөлігі жүргізушісінің кесірінен болғанын айтуда. Ол дрифт жасамақ болады, алайда жүргізуші көлікті басқара алмай, жолдың қарсы бағытына шығып кеткен.

Фото: Sputnik / Стрингер

Фото: Sputnik / Стрингер

Осы уақытта көлік тұрағында басқа да автокөліктер тұрған. Porsche көлігі Lexus маркалы автокөлікке соғысқан. Алынған соққыдан Panamera айналып, артынша екі қымбат автокөлік зардап шеккен. Қымбат Mercedes көлігі Tesla автокөлігін соғып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы кезінде жүргізушілердің бірі зардап шеккен. Ол Mercedes автокөлігінің иесі. Апат орнына медицина қызметкерлері шақырылып, олар зардап шегушіні әртүрлі жараққатармен ауруханаға жеткізген.

Фото: Sputnik / Стрингер

Фото: Sputnik / Стрингер

Еске сала кетсек, Петропавлда өткен демалыс күндері екі студент қызды көлік қағып кетіп, салдарынан екеуі де дене жарақатын алған еді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel