RU
Кезінде танымал болған отандық топтың әншісі досының ғашығына үйленген

Кезінде танымал болған отандық топтың әншісі досының ғашығына үйленген

Рассказать Вконтакте

КТК арнасындағы "Астарлы ақиқат" бағдарламасы кезекті санын 2000-шы жылдардың басында танымал болған "Жігер" тобына арнады. Бағдарлама барысында ғашық жандардың әнұранына айналған хит әндердің авторы әрі топ мүшесі Қанат Елікбаев туындыны өмірге қалай әкелгенін айты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Өзім ұнатып қалдым": "Жігер" тобының әншісі танымал әнді досының ғашығына арнағаны рас па

Фото: Видеодан кадр

Осыдан біраз жыл бұрын хитке айналған туындылардың авторы Қанат Елікбаев танымал әннің шығу тарихын айтып берді.

Айтуынша, өнер иесі досы ұнатып жүрген қызға ғашық болып, лекция үстінде аруға "Бақытымсың" өлеңін арнаған. Алғашында сабақ үстінде әннің сөзін жазып, кейін гитарамен сүйемелдепті.

"Мадияр деген досым келіп: "Қанат мен осындай бір қызды ұнатып қалдым. Таныса алмай жүрмін. Ол қыз орысша сөйлейді ғой деймін. Сен бірінші танысшы. Қазақша дұрыс сөйлеп тұрса, мені таныстыршы" деді.

Мен керемет орысша біліп тұрғандай. Қызды көрсетіп еді, өзім ұнатып қалдым. Қасына барып сөйлесейін десем, өзіңе ұнаған қыздармен сөйлесе алмай қалады екенсің.

Кейіннен оны ұмытып, үйге қарай бара жатсам, мен баратын жаққа ол да барады екен. Автобуста күнде көрем. Сосын не де болса танысайын дедім. Сөйтіп ұнатып қалдым.
Бір күні досым сол қызды сұрады, мен: "Ой орысша сөйлеп қалған екен", - дедім. Шын мәнінде өзім ғашықпын. Қазақ әдебиетінен лекцияда отырып сөзін жазып, үйге барып, гитарамен әнін шығара салдым" , - дейді әнші.

Әншінің айтуынша, ол өзі ғашық болған аруды жар етіп алып, бүгінде бір отбасы болып отыр екен.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel