Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Несиені жабу үшін тағы бір кредит алу дұрыс па

Опубликовано:

Сарапшылар ай сайын табысының 30%-дан астамын несиесін жабуға жұмсайтын адамдарды несиеге байланғандар деп санайтынын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Өткен жылдың мәліметіне сәйкес, қазақстандықтар өз табысының жартысын несиесін төлеуге жұмсаған.

2018 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан Республикасының орташа есеппен алғанда бір азаматының шығысы 148,3 мың теңгені құрады - бұл алдыңғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда - 11,5% артық.

Адам басына шаққандағы шығыстардың ең үлкені Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына тиесілі.

Жалпы, соңғы 5 жылда Қазақстан Республикасы азаматтарының шығыстары 168,4 мың теңгеге өсті. Өсім 44% құрады.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Несие құлдығына түспес үшін нені жасамау керек?

  1. Қолданыстағы несиені жабу үшін тағы бір несие алу

Қолданыстағы несиені жабу үшін тағы бір несие алу - қаржылық шиеленіске апаратын жол болып табылады.

Ол несиені де жабатыныңызды естен шығармаған жөн.

2. Үш жалақыдан асатын несие картасын алу

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Банктер көбінесе негізсіз шығындарды ынталандыратын үлкен шекті белгілейді.

Үш жалақының шегі сізді құлдыққа түсірмеуі мүмкін.

Алайда, кез-келген уақытта өзінің несие картасынан көп мөлшерде ақша ала алатындығын түсінген адам бұл мүмкіндікті ерте ме, кеш пе пайдаланады.

3. Қор дайындамау

Қарызға сенімді табыс пен жинақсыз ақша алу үлкен қателік. Кез-келген адам жұмыс орнынан айырылған жағдайда жинастырған қаражат 3-6 айлық көрсеткішті құрағаны дұрыс.

Өмірде форс-мажорлық жағдайлар болып тұрады.

Михаил Булгаковтың "Мастер және Маргарита" шығармасында бас кейіпкердің бірі Воланд мырза: "Адам өлім құрығынан құтылмайды. Ол күтпеген жерден қаза табуы мүмкін" деп айтады.

Әркім аяқ асты жұмыс істемей қалуы да мүмкін.

Сондықтан қаржылық қорыңыздың болуы өте маңызды.

4. Өмірді сақтандырудан бас тарту

Несие бойынша берешекті өтеу денсаулыққа зияндылығын тигізбей қоймайды.

Сол себепті, өмірді сақтандыру - бұл қажет нәрсе.

Сіз өзіңіздің несиелік қарыздарыңыздың ауыртпалығын балаларыңыздың көтергенін қалайсыз ба?

Өкінішке орай, Қазақстанда, посткеңестік барлық елдердегі сияқты, сақтандыру мәдениеті менталитетке байланысты артта қалып қойған.

5. Пайыздық мөлшерлемені төмендету мүмкіндігін елемеу

Егер несиелік тарихыңыз жақсы болда, сіз басқа банкте төмен мөлшерлемемен қайта қаржыландыру арқылы жағдайыңызды жақсартуға болады.

Көбінесе банктер мен несие ұйымдары жақсы қарыз алушы үшін күресте оған бәсекелестерге қарағанда төмен пайыздық мөлшерлемемен несие беруге дайын.

Осы мүмкіндікті пайдаланып, төмен пайыздық мөлшерлемемен несие алу арқылы жоғары пайыздық мөлшерлемедегі несиені төлей аласыз.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

6. Қаржылық жоспарлаудан бас тарту

Өзіңіздің кірістеріңіз бен шығындарыңызды үнемі есептеуді ұмытпаңыз. Қаржыны жоспарлай білу керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1829006-nesieni-zabu-sin-tagy-bir-kredit-alu-drys-pa/

pixel