RU
Тоқаев Тәжинді Чехияға елшілік қызметке жіберді

Тоқаев Тәжинді Чехияға елшілік қызметке жіберді

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Фото: Sputnik/Болат Шайхинов

Фото: Sputnik/Болат Шайхинов

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды", - делінген президенттің жарлығында.

Марат Тәжин 1960 жылы 8 сәуірде Ақтөбе қаласында туған.

1981 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын, экономист мамандығы бойынша бітірген.

  • Философия ғылымдарының кандидаты (1985).
  • Әлеуметтану ғылымдарының докторы (1988).
  • Лондон университетінің докторанты (1988).
  • Профессор (1993 жылдан бастап).
  • Стамбул университетінің құрметті профессоры (2008 жылдан бастап).
  • Қазақстан Республикасы Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, Ресейдің әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, Ресейдің жаратылыстану ғылымдары академиясының шетелдік академигі, Қазақстан Республикасы саяси ғылымдар академиясының академигі және президенті, Қазақстан Республикасы әлеуметтанушылар қауымдастығының президенті, Түркі тілдес елдер әлеуметтанушылар одағының президенті.

Еске сала кетсек, осы жылдың наурыз айында Марат Тәжин мемлекеттік хатшы қызметіне келді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel