RU
"Сонда болдым!": Шамалған бекетінде көз жұмған автобус жүргізушісінің әйелі араша сұрады

"Сонда болдым!": Шамалған бекетінде көз жұмған автобус жүргізушісінің әйелі араша сұрады

Рассказать Вконтакте

Алматы облысы, Шамалған темір жол өткеліндегі жол апатынан қайтыс болған автобус жүргізушісінің әйелі күйеуі күдікті деген мәлімдемен келіспейді. Келіншек қайғылы жағдайға станция кезекшісі мен ҚТЖ-ны кінәләп отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Төтенше жағдай 15-қыркүйекте болған. Сол кезде қатты жылдамдықпен келе жатқан пойыз рельске шығып кеткен, 67 жолаушысы бар автобусты қағып кеткен еді. Жантүршігерлік апаттың кесірінен автобус жүргізушісі қайтыс болып, тағы үш адам - анасы мен кішкентай екі баласы зардап шекті.

Сол күні автобусты тізгіндеген ер адамның 37 жастағы әйелі Лейла Жарылғасованың сөзінше, оның күйеуі күдікті ретінде саналып отыр екен. Келіншектің ойынша, кінәлі аадм- өткелдегі кезекші.

Ол сондай-ақ мұншалықты жауапты қызметке мүгедек адамды (Лейла Жарылғасоваға берілген ақпаратқа сәйкес) неге қойған деген сауал қойды.

Лейла Жарылғасова қақтығыс кезінде өзі де автобус ішінде болғанын және оқиғаның әр деталі есінде жақсы сақталғанын айтты.

Оның сөзінше, күйеуі рұқсат етілген сигналды күтіп, ереже бұзбаған. Алайда сол жерде санаулы минуттар ішінде көлік кептелісі пайда болған.

Лейланың хабарлауынша, кезекшінің берген куәлігіне сәйкес, жолдасы қызылға өтіп кеткен екен, ал ҚТЖ қызметкері болса рұқсат етілмеген деп жүргізушіге сигнал беріпті. Ол мұндай куәліктермен мүлдем келіспейді.

"Ондай нәрсе болған жоқ! Мен сонда болдым! Ол жерде қызыл түс болған жоқ", - деді марқұмның жұбайы.

Келіншек күйеуінің өліміне ҚТЖ-ны кінәләп отыр. Сол сепбепті ұлттық тасымалдаушыдан өтемақы өндірмек.

Лейла Жарылғасованың түсіндіруінше, іс басталған уақытта ол жапа шегуші ретінде қатысқан, ал қазір ол күдіктінің өкілі болып отыр.

"Олар маған "Сіздің күйеуіңізге қатысты іс жабылады, сіздің күйеуіңіз кінәлі" деп айтты", - деді Жарылғасова телеарнаға берген сұхбатында.

Алайда ол болған оқиғаға жауапты теміржол қызметі деп есептеп, өзінің ақтығын дәлелдемекші.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Сіздің реакцияңыз
4
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel