RU
Келесі жылы интернеттен мемлекеттік қызметтің 90 пайызын алуға болады

Келесі жылы интернеттен мемлекеттік қызметтің 90 пайызын алуға болады

Рассказать Вконтакте

Бүгін үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин жыл соңына дейін барлық орталық мемлекеттік органға бірыңғай электронды платформаға көшуге тапсырма берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Фото: strategy2050.kz

Фото: strategy2050.kz

Үкімет басшысының айтуынша, жыл соңына дейін халық мемлекеттік қызметтердің 80 пайызын интернет арқылы пайданала алады. Ал алдағы жылдың соңында бұл көрсеткішті 90 пайызға дейін арттыру жоспарланып отыр.

"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 2020 жылы Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының электронды үкіметті дамыту индексінде 28-ші орынға шығуы керек. Сондай жоспарымыз бар. Бүгінгі таңда біз 39-шы орындамыз. Сондықтан мемлекеттік бағдарламаның салалық индикаторларына қол жеткізу үшін тиісті шаралар қабылдау қажет", – деді Мамин.

Ол сондай-ақ халықтың мобильді интернетті кеңінен қолданып жүргенін де ерекше атап өтті. Осы ретте мемлекеттік қызметтерді смартфон арқылы пайдалану мүмкіндігіне сұраныс артып келеді. Бірақ мобильді қосымша негізінде қолдануға болатын мемлекеттік қызметтердің саны 4 пайыздан аспайды.

"Сондықтан тұрғындар үшін мобильді құрылғылар арқылы қолжетімді мемлекеттік қызметтердің тізбесін кеңейтуді тездету керек", – деді премьер.

Оның айтуынша, электронды үкімет порталында мемлекеттік қызметтер тұрақты ұсынылмайды. Себебі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен ақаулар шығып жатады.

"Биыл мемлекеттік органдар жүйелердің істен шығуына шамамен 130 рет жол берген. Бұған азаматтар тарапынан негізгі сын айтылды. Ондай жағдайлардың басым бөлігі ішкі істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктеріне, құқықтық статистика комитетіне келеді", – дейді Мамин.

Осы орайда үкімет басшысы жыл соңына дейін барлық орталық мемлекеттік органға бірыңғай электронды платформаға көшуге тапсырма берді.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel