RU
"Президентке ұсыныс жасау керек": Министр зейнетақы мәселесіндегі қиындықты атады

"Президентке ұсыныс жасау керек": Министр зейнетақы мәселесіндегі қиындықты атады

Рассказать Вконтакте

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов үкіметте өткен баспасөз мәслихатында зейнетақы жинағын пайдалану мәселесі бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

"Бүгінде министрлік пен үкіметтің жанынан арнайы жұмыс тобы құрылған. Сол жерде көптеген ұсыныс қарап жатырмыз. Біздің жоспарымыз бойынша, алдағы желтоқсан айында бір ұстанымға келіп, жұмыс тобының атынан президентке ұсыныс жасауымыз керек. Әзірге, бір шешімге келген жоқпыз", – деді министр.

Оның айтуынша, қазіргі кезде зейнетақы қорында 10 миллионға жуық есепшот бар. Ал салымшылардың жалпы жинақтары 10 триллион теңгені құрап отыр.

"Расында, есептеп келгенде салымшылардың 70 пайызы 1 миллион теңгеге дейін ғана ақша жинаған болып шығады. Сондықтан бұл мәселенің қиындығы бар. Ал зейнетақы қорындағы жиналған жарналардың негізгі мақсаты – біздің зейнетақымызды қамтамасыз ету. Негізі, мемлекет тарапынан төленетін зейнетақының ынтымақтастық жүйесі жылдан-жылға жабылып келеді. 2040 жылдан кейін тіпті, мемлекет тарапынан тағайындалатын зейнетақыға шығатын адамдар болмайды", – деді Нұрымбетов.

Еске сала кетеййік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Ұлттық банкпен бірлесе отырып қазақстандықтардың зейнетке шықпай тұрып зейнетақы қорындағы қаржыны қолдана алу мүмкіндігін іске асыратын бағдарламаны ойластыруды тапсырған болатын.

Сіздің реакцияңыз
4
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel