RU

Мексикалық спортшы қарсыласын шапалақпен нокаутқа жіберді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мексикалық спортшы Нино Маррокуин өз отандасы Тито Кастроны техникалық нокаутпен жеңіп кетті. Жекпе-жек CJJ Worlds 3 атты джиу-джитсудан болған турнир аясында өтті деп жазады KAZ.NUR.KZ eurosport.ru сайтына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Нино Маррокуин қарсыласы Тито Кастроны шапалқпен нокаутқа жіберген. Екі отандас арасындағы жекпе-жек орта салмақта өткен.

Маррокуин өзіне қарсы шыққан спортшының басына алақанымен жойқын соққы жаудырған. Нәтижесінде төреші кездесуді тоқтатуға мәжбүр болды. Кастроның беті отандасының соққыларынан кейін қан жоса болып кеткен.

Нино Маррокуиннің лақап аты "ессіз жігіт" болып табылады. Мексикалық спорт шебері ММА-да өнер көрсеткен. Оның қанжығасында жеті жеңіс пен үш жеңіліс бар.

Кастроның нокаутының видеосы көптеген әлеуметтік желілерге тарап, елдің қызу талқысына түсуде. Көрермендер шапалақпен нокаутқа жіберген спортшыға таңғалған.

Көпшілік Нино Маррокуин ресейлік шапалақ шебері "Пельмень" лақап атымен танылған сібірлік азамат Василий Камоцкиймен бақ сынасып көру керектігін айтуда.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Мексикалық спортшы қарсыласын шапалақпен нокаутқа жіберді
Mailfire view pixel