RU
Үйінде тылсым дүниелер болып жатқанын айтқан келіншек із-түссіз жоғалды

Үйінде тылсым дүниелер болып жатқанын айтқан келіншек із-түссіз жоғалды

Рассказать Вконтакте

Тылсым дүниені зерттеушісі америкалық Лон Стриклер өзінің сайтында әлі күнге дейін оған үрей ұялататын оқиға туралы айтып берді. Оның сөзінше, оған Мэнди есімді келіншек хабарласып, өмірінде болған қорқынышты жайттармен бөлісіп отырыпты. Ал бірнеше аптадан кейін із-түcсіз өзі жоғалып кеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ paranormal-news.ru сайтына сілтеме жасап.

Үйінде тылсым дүниелердің болып жатқанын айтқан келіншек із-түзсіз жоғалды

Көрнекі фото: pixabay.com

"Бұл 2009 жылы маусымда орын алды. Сол кезде маған Мэнди есімді келіншек хабарласып, өмірінің тозаққа айналғанын айтты.

Мэнди маған хабарласпас бұрын, екі апта алдында анасы екеуінің ашық қызыл түсті жарықты көргенін сөз етті. Дәл сол кезде келіншектің басы айналып, ол қатты шошыпты.

Сол түні ол қорқынышты түс көрген. Оның жан жағында үнемі әлдебір нәрсе жанып, біртүрлі дыбыстар шығара бастапты. Ал оянғаннан кейін келіншектің басы айналып, жүрегі айныған.

Мэнди мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Бір күні сабаққа бара жатқан кезде ол өзін нашар сезініп, жұмыстан кетуге мәжбүр болған. Мэндидің анасы оны таулардағы жарықты көріп, қобалжып қалды деп ойлады.

Бірнеше күннен кейін Мэнди мен оның анасы ас бөлмеде отырған кезде қатты шыққан дыбыстарды ести бастапты. Олар терезеден қарағанда дәл сол қызыл оттарды көрген.

Осындай қорқынышты жайттар қайталана берген соң Мэнди маған хабарласып, барлығын ашып айтты. Екеуіміз үш сағатқа жуық сөйлесіп отырдық.

Мэндидің сөзінше, олардың үйі атасы мен әжесінен қалған қарапайым үй болған. Мэнди бұл жағдайларға не себеп болғанын білмей дал болып жүріпті.

Мен Мэнди мен оның анасымен сөйлесіп, кез келген қызық жағдай орын алса, маған хабарласуын сұрадым.

Үш күн өткеннен кейін оған өзім хабарластым, Мэнди телефонға жауап бермеді. Бір күні анасы оның жоғалып кеткенін сөз етті.

Анасының айтуынша, Мэнди екінші қабатқа көтеріліп, жатын бөлмесіне кірген. Ал ол теледидар көріп, бірінші қабатта қалған. Түнгі сағат 11-де анасы Мэндиді көру үшін бөлмесіне кіріпті. Алайда қызын таба алмаған екен.
Мэндидің анасы полицияға хабарласқанымен, олар аруды сүйіктісімен қашып кеткен деген тұжырымдамаға келді", - деп жазды автор.
Сіздің реакцияңыз
0
1
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel