RU
Рақышев сыртқы істер министрінің штаттан тыс кеңесшісі атанды

Рақышев сыртқы істер министрінің штаттан тыс кеңесшісі атанды

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық бизнесмен Кеңес Рақышев ҚР сыртқы істер министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кеңес Рақышев. Фото hommes.kz

Кеңес Рақышев. Фото hommes.kz

Сыртқы саясат ведомствосы NUR.KZ порталына мәлім еткендей, биылғы маусым айында кәсіпкер СІМ басшысының штаттан тыс кеңесшісі болып тағайндалды. Рақышев министрге инвестиция тарту мәселелері бойынша кеңес береді.

Айта кетейік, маусым айында сыртқы істер министрлігін Бейбіт Атамқұлов басқарған. Ал 18 қыркүйекте оның орнына бұл қызметке Мұхтар Тілеуберді тағайындалды.

Ашық дереккөздердің мәліметтеріне сүйенсек, 2019 жылғы мамыр айында Рақышев Қазақстанның ең бай 50 адамы тізіміне кірген. Оның жағдайы 600 млн доллардан астам қаражатқа бағаланды. Кәсіпкер Fincraft Resources (бұрынғы Sat & Company), "БТА Банк" АҚ, Net Element сияқты компаниялардың акционері болып табылады.

Еске сала кетейік, бұған дейін ресейлік журналистің Кеңес Рақышевтен ірі көлемде ақша бопсалаған деп айыпталғанын хабарлағанбыз.

Росбалт басылымының ақпарынша, олардың журналисі Александр Шварев олигарх Алишер Усманов туралы жалған ақпаратты алдын ала жариялады деп күдіктелуде.

Бұдан бөлек, ол қазақстандық кәсіпкер Кеңес Рақышевтен ірі көлемде ақша бопсалаған деп айыпталуда. Тергеу нұсқасы бойынша, Росбалт тілшісі кәсіпкерден 50 мың АҚШ доллар бопсалаған.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel