RU

"Ғасыр тонауы": Германияда бір миллиард еуро болатын қазына ұрланды

Германиядағы Саксония республикасының астанасы Дрезденде құны миллиард еуро болатын қазына ұрланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Сегодня-ға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Германияның құқық қорғау органдары ең танымалы зергерлік мұражай Саксонияны тонап кеткен қылмыскерлерді іздеп жатыр. Ұрылар Дрездендегі "Грюнес Гевельбе" қазынасын қолды еткен.

"Ғасыр тонауына" баланған бұл қылмыс 25-қарашада, таңертең жасалған. Қылмыскерлер "Грюнес Гевельбе" және басқа да мемлекеттік мұражайлардың дабылы жалғанып тұрған электр қалқанын өртеген.

Ғимаратқа кірген тонаушылар бриллианттар мен бағалы тастарды, қымбат бұйымдарды алып, картина сияқты ірі заттарға тиіспеген.

Шығынның болжалды сомасы бір миллиард еуроға бағаланып отыр.

Саксонияның премьер-министрі Михаэль Кречмер болған оқиғаға қатысты Twitter парақшасында пікір білдірген.

"Grünes Gewölbe" мұражайынсыз Саксонияның тарихын елестету қиын. Мұн,да сақталған бағалы заттарды біздің Еркін еліміздің адамдары бірнеше жүз жыл аралығында жасаған", - деді ол.

Айта кетсек, XVIII ғасырда ашылған "Grünes Gewölbe" мұражайында Еуропадағы ең қымбат коллекциялар сақталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1829046-gasyr-tonauy-germaniada-bir-milliard-euro-bolatyn-kazyna-rlandy.html