Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ішіп алып көлік жүргізген": Ауыл тұрғындары басы дауға қалған әкімді қорғап қалды

Опубликовано:

Солтүстік Қазақстан облысы Якор ауылдық округінің тұрғындары басы дауға қалған әкім Қайырболат Чехмановты қызметіне қайтару үшін басшылықтан келісім алған. Шенеунік мас күйінде көлік тізгіндеп, жергілікті тұрғынның қоршауын сындырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

КТК телеарнасынан кадр
КТК телеарнасынан кадр: UGC

Оқиға 18 қарашада ауыл тұрғындарының бірі түсірген видеоның желіде тарағанынан басталды. Оператордың айтуынша, аудан басшысы мас күйінде ауыл тұрғынының үйінің қоршауын зақымдаған.

Аудан әкімі аппаратының жетекшісі Қуаныш Сабралинов болған оқиғаны түсіндіріп берді.

Оның сөзіне қарағанда, бейнежазбаны жазу кезінде Чехманов ауданның әкімі қызметінде болмаған. Ол 14 қарашада өз еркімен қызметінен кету туралы хат жазып, келесі күні өтінішке қол қойылған.

Жергілікті тұрғындар басы дауға қалған шенеунікті қаһарман санайды. Олардың сөзінше, осы әкімнің арқасында өмірлері жақсы жаққа айтарлықтай өзгерген.

"Бізге басқа әкім керек емес. Керек емес. Ол біздікі. Қайырболат! Қайырболат!", - деп ұрандады әкімдікке келген 150-ге жуық адам.

Ауыл тұрғындары мас күйде рөлге отырған Қайырболат Чехмановты неліктен қайтарғылары келетінін журналистерге айтып берді.

Олардың айтуынша, оның мұндай еңбектері өте көп. Тұрғындар Чехманов бір жыл ішінде ұмытылып бара жатқан елді-мекендерде оған дейін ешкім жасамаған істерді жасады деп отыр.

Ауыл тұрғындары жұмысынан кеткен әкімді қолдап қол жинап, аудан әкімдігіне жүгінген.

Нәтижесінде шенеуніктер халықтың пікірін тыңдау туралы шешімге келіпті.

Алайда, телеарна мәліметінше, Чехманов өзінің бұрынғы қызметіне қайтару мүмкін болмаған.

Әкім лауазымына сайлау тек көктемде өтеді, алайда оған әкімдікте басқа қызмет ұсынылды.

Қызылжар аудандық әкімдігінің хабарлауынша, бұрынғы әкім жаңа қызметке байланысты әлі келісімін бермеген.

Ол алдымен денсаулығын қалпына келтіруді жоспарлап отырғанын жеткізген.

Одан кейін аудандық әкімдіктің ұсынысын ойланып көреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1829056-isip-alyp-klik-zrgizgen-auyl-trgyndary-basy-dauga-kalgan-kimdi-korgap-kaldy/

pixel