RU
Шымкенттегі мәйітханада жұмыс істейтін қызметкер өз қызметінің қыр-сырын айтты

Шымкенттегі мәйітханада жұмыс істейтін қызметкер өз қызметінің қыр-сырын айтты

Рассказать Вконтакте

Шымкент қаласы бойынша сот сараптамалары институты Жалпы экспертизалық бөлімінің меңгерушісі Рафик Құрбанов жұмыстарының қыр-сыры туралы айтып берді. Қызметкердің сөзінше, күніне 6 мүрдеге сараптама жасалады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Отырар арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: gazetavechorka.ru

Көрнекі фото: gazetavechorka.ru

Рафик Құрбановтың өзі жұмыс істейтін, орталыққа тергеу орындарының қаулысы негізінде қала аумағында табылған белгісіз мәйіттер, белгілі тұрағы жоқ азаматтар мекендейтін мекемеде қайтыс болғандар, өз-өзіне қол жұмсаған немесе қандайда бір қайғылы жағдайда (жол көлік оқиғасы) қаза тапқан жандардың мүрдесі жеткізіледі екен.

"Тергеу органдарының қаулысы негізінде, бізге жеткізілген мүрдеге сот сараптамасы жүргізілуі тиіс. Кей жағдайда түрлі себептерге байланысты марқұмның туыстары мүрдені "союға" қарсылық танытады. Алайда, сараптамадан өткізу не өткізбеу біздің қолымыздағы дүние емес. Қаулы негізінде мүрде жеткізілді ме? Ендеше, заң шеңберінде біз оған сараптама жасауымыз керек. Ал мүрдені сараптамадан өткізгісі келмегендер тергеушіден істің тоқтатылғаны жайында анықтама әкелуі тиіс.
Сол жағдайда ғана денені "соймаймыз". Қалған жағдайдың бәрінде сараптама жүргізіледі. Соның негізінде қайтыс болуды растайтын медициналық куәлік беріледі", - дейді Рафик Құрбанов.
Рафик Құрбанов. Фото: Отырар

Рафик Құрбанов. Фото: Отырар

Әділет департаментінің бұйрығына сәйкес, мүрдені сою күннің жарық тәулігінде ғана жасалады екен. Ол кешқұрым өткізілмейді.

"Кей күндері 9-10 мәйітке дейін жеткізіледі, енді бір күндері ешқандай мәйіт түспейді. Бізде екі үстел жұмыс істейді. Бұл бір мезетте екі мәйіт "сойылады" деген сөз. Бір мәйітке 2 сағат жұмсалады. Сонда шамамен күніне 6 мүрдеге дейін сараптама жасалады. Үлгермеген жағдайда мүрде келесі күнге қалдырылады.
Бұған көңілі толмағандар ызаланып жатады. Бірақ заң солай. Күн батқан соң мәйіттер қабылданғанымен, сараптамадан өткізілмейді. Жалпы бізде мәйітті сақтау мерзімі – 10 күн. Осы аралықта туысы табылмаған мәйіттерді жерлеу қызметін ұсынатын мекеме әкетіп, жерлейді", - дейді Рафик Құрбанов.

Маман сараптама жүргізуде туыстардың өтінішін де ескеретінін айтады. Яғни, жерлеуге асығып тұрғандарды бірінші кезекте өткізеді. Содан кейін қалған мәйіттер кезек-кезегімен рет-ретімен өткізіледі. Орталықтан мәйітті алып кету үшін 5200 теңге төлеу керек. Бұл мәйітті жуу мен киіндіру ақысы.

Айтпақшы, денені алып кетуге асықпайтындар да бар екен. Мұндайда мүрдені тоңазытқышта бірнеше күн сақтайды. Бірақ сол үшін бекітілген прейскурантқа сәйкес ақы алады.

Ескеретін тағы бір жайт, егер адам ауруханада қайтыс болса, оның мүрдесі "Нұрсәт" шағын ауданындағы облыстық патологиялық анатомия бюросына түседі. Бөлім басшысы Луиза Кристафорқызының сөзінше, мұнда облыс және қала ауруханаларында ауырып көз жұмғандар жеткізіледі. Келіп түскен мәйіттер көп сақталмайды.

"Ең ұзағанда – 1 күн. Жалпы үш-төрт сағатта анықтамасын жазып, мүрдені туыстарына беруге тырысамыз", - дейді Луиза Кристафорқызы.

Мұндағы анықтама деп отырғаны – кісінің өлгенін растайтын медициналық құжат. Сол құжат негізінде қайтыс болуды растайтын куәлік беріледі.

Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ немесе www.egov.kz арқылы жүзеге асады.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
5
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel