RU
Ақмола облысында ер азамат өзімен бірге тұратын келіншекті өртеп жіберді

Ақмола облысында ер азамат өзімен бірге тұратын келіншекті өртеп жіберді

Рассказать Вконтакте

Ақмола облысында ер адам өзімен бірге тұратын келіншекті өртеп жіберді. Бұл оқиға дүйсенбі күні түнде болған. Өртке оранған Белағаш ауылының 32 жастағы тұрғынын аудан орталығынан жеті шақырымда орналасқан ауруханаға таңға таяу, сағат үште алып келген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Жақсын аудандық ауруханасының бас дәрігері Людмила Бруйдің айтуынша, жас әйел ауруханаға бас пен мойынның екінші және үшінші дәрежелі термиялық күйігімен түскен. Күйік дененің 15 пайызын алған, науқастың жағдайы ауыр.

Қазір келіншекке қажетті ем-дом жасалып жатыр, оны облыстық ауруханаға ауыстыруы мүмкін.

Тағы да белгілі болғандай, зардап шегушінің қолы, иығы мен басы күйіп қалған. Маңдайында да жарақаты бар. Келіншектің мұндай күйге түсуіне 25 жастағы бірге тұратын ер адамның солярка құйып, өртеп жіберуі себеп болған.

Осы жағдайдан кейін ер азаматты уақытша ұстау изоляторына қамап, әзірге бұлтартпау шарасы қабылданбаған.

Әзірге дәрігерлер зардап шеккен әйелді құтқарып жатқанда, Белағаш ауылының тұрғындары жағдайды талқылап жатыр. Бұл отбасы жеке үйде тұрады, олар еш жерде жұмыс істемейді.

Осыншалықты агрессияның туындауына кезекті ішімдік ішу кезіндегі жанжал себеп болуы мүмкін. Келіншек ер адамды жақын туысымен бірге көзіне шөп салды деп айыптаған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
2
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel