RU
Норвегияда ел алдында Құранды өртеп жіберген белсенді халықаралық дау туғызды

Норвегияда ел алдында Құранды өртеп жіберген белсенді халықаралық дау туғызды

Рассказать Вконтакте

Норвегиялық белсенді Ларс Торсен ел алдына шығып мұсылмандардың қасиетті кітабын өртеп жіберді. Оның арты халықаралық дауға ұласқан. Белсендінің бұл әрекеті Пәкістан қоғамының шамына тиген. Нәтижесінде Пәкістанның Сыртқы істер министрі өзіне Норвегияның елшісін шақыртқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Болған оқиға жайлы Gulf News басылымы хабарлаған.

19-қарашада "Норвегиядағы исламизацияны тоқтатамыз" (SIAN) қозғалысының көшбасшысы Ларс Торсен қолына Құранды алып, оны жағып жіберген. Бұл бірнеше куәгерлердің көзінше болған.

Осыдан кейін белсендіге ислам мемлекетінің бірнеше өкілі шабуыл жасаған. Құқық қорғау органдары ер адамдардың бірін ұстап алған. Қазіргі уақытта ол қамауда отыр.

Ғаламторда қасиетті жазуды қорғаған ер адамды қамаудан босатуға шақыратын арнайы петиция жасалды. Онлайн құжатта кейбіреулердің дінге келіспеуіне болатыны, алайда Құранды қорлауға ешкімнің құқығы жоқ екені көрсетілген.

Сондай-ақ, петицияда біреудің кітапты өртеп жатқанына иммигранттың осындай реакция танытқаны таңқаларлық еместігі айтылған.

Одан бөлек, норвегиялық азаматтың әрекетінен кейін Пәкістанның сыртқы саясат ведомствосы еуропалық елдің елшісімен сөйлесіп, ел азаматтарының мұндай әрекетке баруына жол бермеуін сұраған.

СІМ белсендінің жер бетіндегі 1,3 млрд мұсылмандардың, оның ішінде Пәкістан халқының сеніміне нұқсан келтіргенін атап өтті.

Мұндай әрекеттің - жеке көзқарасты еркін білдірумен еш байланысы жоқ екені де айтылған.

Сіздің реакцияңыз
1
4
16
6
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel