RU
Жаңаөзенде кәмелетке толмаған екі жасөспірім оқыстан қайтыс болды

Жаңаөзенде кәмелетке толмаған екі жасөспірім оқыстан қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында қайғылы жағдай орын алды. Жергілікті мейрамханалардың бірінде үш адам газдан уланып, екеуі оқиға орнында қайтыс болды. Иіс тигендердің барлығы да кәмелетке толмаған жасөспірімдер екендігі анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Оқыс оқиға жиырма бесінші қарашада орын алған.

Телеарна мәліметінше, газдан уланғандардың екеуі колледж студенті, біреуі мектеп оқушысы болып табылады.

Олар қаладағы "Әлихан" атты мейрамханада даяшы болып жұмыс істеген.

Алдын-ала мәлімет бойынша, иіс тигендердің екеуі сол жерде жан тәсілім етсе, 2003 жылғы үшінші бала ес-түссіз ауруханаға жеткізіліпті.

Дәрігерлер оның жағдайы "орташа" деп бағалаған.

Аталған қайғылы жағдайға байланысты іс қозғалып, сот-сараптамасы тағайындалды.

Мейрамхана қожайынының кәмелетке толмаған жастарды неліктен жұмысқа қабылдағаны да тексерілуде.   

Бұл қайғылы жағдайға қатысты Жаңаөзен қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтің сапасын бақылау басқармасының басшысы Қолғанат Есмұрзаева пікір білдірді.

"Зардап шеккендердің барлығы кәмелетке толмағандар. Оның біреуі жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Екеуі мейрамханада қайтыс болған", - деді ол.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel