RU
Нурмагамедовтың келесі қарсыласы мен жекпе-жек күні анықталды

Нурмагамедовтың келесі қарсыласы мен жекпе-жек күні анықталды

Рассказать Вконтакте

Жеңіл салмақта UFC чемпионы, ресейлік спортшы Хабиб Нурмагамедовтың келесі қарсыласы белгілі болды. Оның менеджері аталған жекпе-жектің қашан және кімге қарсы өтетінін мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: mmafighting.com

Фото: mmafighting.com

Нурмагамедовтың менеджері Али Абдельазиз өзінің Instagram парақшасында ресейлік спортшының алдағы жекпе-жегі мен қарсыласы туралы ақпаратпен бөлісті.

Оның мәлімдеуінше, Хабиб америкалық Тони Фергюсонмен келісім шарт жасасқан.

Айтулы жекпе-жек келесі жылдың 18 сәуірінде Бруклинде өтеді.

"Чемпион Тони Фергюсонмен жекпе-жек өткізу туралы келісім шартқа қол қойды. Бұл адамның өзін сабауды сұрап жүргеніне көп уақыт болды, енді 18 сәуірде соған мүмкіндік алады. "Қыран" Бруклинге тағы бір рет қонады. Бұл жанкүйерлер үшін", – деп жазды Али Абдельазиз.

Еске сала кетейік, бұған дейін Хабиб Нурмагамедов ирландиялық спортшы Конор Макгрегормен реванш өткізу мүмкіндігіне баға берген болатын.

Сондай-ақ ол ирландиялық спортшының жағымсыз мәлімдемелеріне көңіл бөлмеуінің себебін түсіндірді.

Нурмагамедовтың айтуынша, ол барлығын октагонда дәлелдеп қойған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel