RU

WhatsApp мессенджерінде жаңа функция пайда болмақ

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

WhatsApp мессенджерін құрастырушылар хабарламаларды бірнеше уақыттан кейін автоматты түрде өшіретін функцияны сынамадан өткізіп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Риа Новости-ге сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

"Хабарламаларды өшіру" опциясы Android операциялық жүйесіне арналған мессенджердің 2.19.348 бета-нұсқасында пайда болған.

Айта кету керек, бұған дейін бұл функция басқа бета-нұсқада іске қосылып, ол "Жоғалатын хабарламалар" деп аталған.

Опцияны мессенджердің тестті нұсқасында "Байланыс туралы ақпарат" немесе "Топтық чат параметрлері" қосымша бетінде қосуға болады. Екінші жағдайда оны тек топ әкімшілері қолдана алады.

Қолданушылар хабарламаны қанша уақытта өшіргісі келетіндерін өздері таңдай алады. Сағат, күн, апта, ай немесе жыл.

Еске сала кетсек, бұған дейін "ВКонтакте" әлеуметтік желісі мен Telegram мессенджерін құрастырушы Павел Дуров қолданушыларды WhatsApp мессенджерін өшіріп тастауға шақырған еді.

Оның пікірінше, WhatsApp мессенджерінің қауіпсіздік жүйесі осал және арнайы қызметтегілер жеке деректерді оңай жинай алады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
WhatsApp мессенджерінде жаңа функция пайда болмақ
Mailfire view pixel