RU
"Еңбегімнің жемісі": Мейрамбек Бесбаев өзін шетелде демалғаны үшін сөккендерге жауап берді

"Еңбегімнің жемісі": Мейрамбек Бесбаев өзін шетелде демалғаны үшін сөккендерге жауап берді

Рассказать Вконтакте

Әнші Мейрамбек Бесбаев өзіне шетелде демалып жатқаны үшін кері пікірлер жазған оқырмандарына жауап берді. Эстрада жұлдызы орынсыз сын жаудырып жатқан желі қолданушыларына өз айтары бар деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"МузАрт" тобының солисі Instagram парақшасында арнайы жазба қалдырып, желіде ауыр сөз жазғандарды адамның көңіліне қарауға шақырды.

"Адамның сөзі жүрегінің айнасы. Біз күн өткен сайын адамның көңіліне қарауды ұмытып барамыз. Біреудің жүрегін ауыр сөзбен жараласа, өсек айтып қараласа содан ләззат алатын бар. Сіз соны жазғанда сол адамның жүрегі ауыратынын ойладыңыз ба? Көңіл-күйін бұзатыныңызды білдіңіз бе?
Айналайындар, мен жүрген жерімнен сурет, видео тағы басқа салсам, бұл менің жеке парақшам. Шетелге шығып қыдырып жүрсем, ол осы уақытқа дейінгі еткен еңбегімнің жемісі. Ешкімнің алдына барып мені жақсы көр, жоғары сүйре деген жоқпын. Ең алғаш домбыра арқалап шыққан күннен бастап халқым алақанына салып аялап келеді.
Өнерімді бағалаған ағайынға алғыстан басқа айтарым жоқ. Жақсы көретін жандармен жақсы жаңалықтарымды бөлісіп отырғанды жөн санаймын. Өмірдің әрбір сәті қымбат. Уақыттың қадірін біліп, жымия қарап күліп, бір-бірімізді қадірлей білейікші. Бар қазақты бауырымдай жақсы көремін. (...) Құрметпен: Мейрамбек Бесбаев" , - деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз
4
3
0
0
1
18
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel