RU
Тоқаевтың Қырғызстанға сапары: Бішкек алаңында не болып жатыр (фото)

Тоқаевтың Қырғызстанға сапары: Бішкек алаңында не болып жатыр (фото)

Рассказать Вконтакте

Кеше Бішкектің орталық алаңында жаппай бейбіт митинг өтті – наразылық акциясы бір жарым сағатқа созылып, кейін жиналғандар тарап кетті. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бішкекке сапары қарсаңында біз қаладағы жағдайды біліп қайтуға тырыстық деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Наразылық акциялары Бішкектің орталығындағы Ала-Тоо алаңында өтті. Оған шамамен 300 адам қатысты.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Бүгін аталған алаң бос тұр. Айкөл Манас ескерткішінің жанында қарауыл мен бірнеше туристі көруге болады. Мұнда тыныш болғаны соншалық, жақын маңдағы саябақтан құстардың дауыстары естіледі.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Алаң аумағы белсенді түрде тазартылуда. Айналасына қоршаулар қойылып, тәртіп сақшылары кезекшілік жүргізуде. Алаңға кедергісіз кіруге болады.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Бішкектің орталығында орналасқан Ленин ескерткіші маңында аула тазартушылар жүр. Олардың жұмысы шаш-етектен, себебі, кеше Қырғызстан астанасында қалың қар жауған болатын.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Біз кешегі митинг қатысушыларының бағдары бойынша Ақ үй ғимаратына қарай беттедік. Онда президенттің аппараты мен іс басқармасы орналасқан. Мекеме алдында да барлығы тыныш.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Осы кезде Бішкекте Тоқаев пен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттерді қарсы алуға дайындық жүріп жатыр. Қаладағы басты көшенің бойына Қазақстан, Ресей, Беларусь және өзге елдердің тулары ілінген.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Тоқаевтың Бішкекке мемлекеттік сапары 27 қарашада басталады – мемлекет басшысы Қырғызстан президентімен кездеседі, сондай-ақ ҰҚШҰ отырысына қатысады.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Қырғыз сарапшыларының мәлімдеуінше, Бішкектегі митингілер мемлекет басшыларының сапарымен байланысты емес. Жиналғандар елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы наразылық білдірген.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel