RU

Әйелдер еркектердің назарын аударатын киімдерді киюге неге әуес

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Австралиялық ғалымдар әйелдердің ер адамдардың назарын аударатын киімдерді не себепті киюге әуес екенін анықтады. Мамандар арнайы зерттеу жүргізіп көрген деп жазады rg.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото:pixabay.com

Көрнекі фото:pixabay.com

Ғалымдар түрлі экономикалық жағдайда өмір сүретін 38 елден 300 адамға зерттеу жасап көрген.

Зерттеу барысында олар әйелдерден сыртқа шығу үшін, олардың қандай киім киетіндерін сұраған. Нәтижесінде ерлерді естен тандыратын киімдерді көп киетін әйелдердің экономикалық жағдайы тұрақсыз екені анықталған.

Олардың пайымдауынша, нәзік жандылар осы арқылы өздерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуды көздейді екен. Мұндай әйелдердің жағдайы экономикалық тұрғыда тұрақсыз болғандықтан, олар әлеуметтік баспалдақта өздерінің сұлулығын пайдалануға тырысады екен.

"Әйел адамдар мұндай құралдарды әлеуметтік иерархия баспалдағында өз орнын табу үшін қолданады", - дейді Мельбрун университетінің гендерлік қатынастар бойынша сарапшысы Хандис Блейк.

Десе де ғалымдар әлеуметтік мәртебесін жақсарту үшін осындай әрекетке барғандар өздерін психикалық ауытқуларға әкеп соқтыратындарын да жасырмаған.

Ғалымдардың бұл зерттеуі АҚШ-тың Ұлттық ғылым академиясы журналында жарыққа шыққан.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Әйелдер еркектердің назарын аударатын киімдерді киюге неге әуес
Mailfire view pixel