Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Данияр Елеусінов айдай сұлу жұбайын көрсетті (фото)

Опубликовано:

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов өз Instagram парақшасында жанұясымен түскен суретін жариялады. Көпшілік спортшының жұбайының сұлулығына тәнті болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Коллаж: KAZ.NUR.KZ. Фото: Instagram/ yeleussinovdaniyar
Коллаж: KAZ.NUR.KZ. Фото: Instagram/ yeleussinovdaniyar: Instagram

Рио Олимпиадасының чемпионы демалыс күні уақытын жанұясымен бірге өткізгенін жазды.

"Жексенбілік кеш! Демалыс күні керемет өтті! Ертең дайындықты жалғастырамыз!",- деді ол.

Ал спортшының жарын алғаш көрген көпшілік оның сұлулығына тәнті болды. Олар Елеусіновтің суретінің астына жағымды пікірлерді жарыса жазды.

"Әйеліңіз өте сұлу екен", "Тіл көзден сақтасын", "Керемет жанұя", "Әдемі жұп", "Бақытты болыңыздар", "Әйеліңіз өте көрікті екен" деп жазды олар.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов 2017 жылы алғаш рет жеке өміріндегі бірқатар келеңсіздіктерді айтып, әйелімен айырылысып кеткенін мәлімдеген болатын.

"Қазір әйелім жанымда емес. Негізі құпия ретінде сақтағым келген. Баламмен араласамын, көмектесемін. Жақын арада ғана осындай шешімге келдік", - деген еді ол.

Ал биыл спортшы кішкентай сәбиімен түскен суретін жариялап, елді ойландырып қойды. Желі қолданушыларының бірі оны бұрынғы әйелімен қайта татуласты десе, енді бірі боксшы екінші рет шаңырақ көтерді деп топшылаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1829147-daniar-eleusinov-ajdaj-slu-zbajyn-krsetti-foto/

pixel