RU
Зейнетақы жинағына баспана алу: Түпкілікті шешім қашан шығады

Зейнетақы жинағына баспана алу: Түпкілікті шешім қашан шығады

Рассказать Вконтакте

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинағын баспана мен білім алуға жұмсауға мүмкіндік беретін нақты тетіктер желтоқсан айында жарияланатынын мәлім етті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Министрдің сөзінше, қазір көптеген ұсыныстар қарастырылып жатыр.

"Жоспарымыз бойынша, алдағы желтоқсан айында біз ұстанымға келіп, сол жұмысшы топтың президентке ұсынысын беруіміз керек. Әзірге бірыңғай шешімге келген жоқпыз. Біздің елімізде 10 миллионға жуық зейнетақы есепшоты бар. Жалпы, салымшылардың саны да 10 миллион деуге болады. Жиналғаны – 10 триллион теңге. Халықтың 70 пайызының жинаған зейнетақысы – 1 миллион теңгеге дейін ғана. Сондықтан, бұл мәселенің қиындықтары бар", - деді Біржан Нұрымбетов.

Министр бұл ретте зейнетақы жинағы әр адамның зейнетке шыққаннан кейінгі өміріне жетуі керектігін атап өтті.

"Түпкі шешімдерімізді желтоқсан айында еститін боласыздар", - деді Біржан Нұрымбетов.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында үкіметке азаматтардың зейнетақы жинақтарын баспана алуға жұмсауын реттеуді тапсырған болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
3
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel