Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мерзімі өткен": Алматыда балалары диабетке шалдыққан ата-аналар шу шығарды

Опубликовано:

Алматыда балалары қант диабетімен ауыратын ата-аналар бас көтерді. Бірнеше ата-ана емханаға келіп, қандағы қант мөлшерін өлшейтін глюкометрлерді сынға алды. Мемлекеттік емханалардан қант мөлшерін тексеруге берілетін арнайы глюкометрлердің қолдану мерзімі жарамсыз болып шыққан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мерзімі өткен": Алматыда балалары диабетке шалдыққан ата-аналар шу шығарды
Көрнекі фото: pixаbay.com: UGC

Онсыз да қауіпті дертпен күресіп жүрген ата-аналар глюкометрдің де дұрыс жұмыс істемейтінін айтып, дабыл қағуда. Перзенттері үшін шырылдаған жандардың жанайқайы туралы КТК арнасы да мәлімдеді.

Наталья Ковалеваның екі баласы да қант диабетімен ауырады. Үлкен ұлы есейіп кетсе, кіші қызы 18 жасқа дейін мемлекеттік емханадан көмек алатындар қатарында тұр.

Наталья бұған дейін «Аксель және А» ЖШС өндірген тест сынамаларын қолданып келіпті. Қандағы қарттың мөлшерін тексеретін бұл глюкметрлерден ешқандай сөкеттік таппаған.

Алайда, жақында жеткізушілер глюкометр дайындайтын фирманы өзгерткен. Бұл көптеген ата-анаға ұнамай отыр.

«Біз бір жылдан бері қандағы қантты реттейтін арнайы глюкометрді алуға мәжбүрміз. Тест сынама көрсеткен нәтижеге байланысты біз қандай дәрі беру керектігін шешеміз.

Яғни, біздің балаға көрсететін ем-дом глюкометрдің көрсеткішіне тікелей байланысты. Жалпы, осы сынамаларды алу жолында көптеген кедергілер бар. Мәселен, биыл бізге беруі тиіс 29 глюкметрдің жиырмасы ғана қолымызға тиді.

Оның үстіне, жақында бізге мүлде басқа фирманың глюкометрлерін ұсына бастады. Бұл біздің алаңдауымызға себеп болып отыр. Өйткені, тест сынаманың жарамдылық мерзімі өтіп кеткен.

Өндірушілер үстінен қайта жазып, қолдану мерзімін ұзартып қойыпты. Бұл сұмдық емес пе? Бұл жерде бір шикілік бар, сапасы күмәнді. Сондай-ақ, глюкометрді сақтау ережелері де жазылмаған. Денсаулық сақтау министрлігі мұндай олқылыққа не дер екен?", - дейді Наталья.

Ал төрт балалы ана Бижамал Медетованың төрт жасар қызы Аружан қант диабетіне шалдыққан. Қызының денсаулығына алаңдаулы ана енді глюкометрлердің сапасынан қорқып отыр.

«Қызым 2017 жылдың наурызынан бері қант диабетімен ауырады. Бұл ауру балалар үшін аса қауіпті. Тіпті, инсульт алу қаупі де жоғары. Біз күнде қант мөлшерін тексеріп отырамыз. Кейде 20-30-ға дейін көтеріліп кететін кездері болады. Сондықтан, үнемі қадағалап отыру қажет.

Мемлекет беретін глюкометрлер бізге жетпейді. Қосымша сатып аламыз. Оған жеңілдік те жоқ. Оның үстіне, енді сапасы да алаңдата бастады. «Аксель және А» шығаратын глюкометрлер сенімді еді.

Бұл жерде басқа бір тараптың қызығушылықтары роль ойнап тұрған сияқты. Отандық өнімнің халық алдындағы бағасын неге түсіреді? Бізге бұрынғы компания «Аксель және А» өнімін қайтаруды сұраймыз», - дейді көпбалалы ана.

Бүгінде қант мөлшерін анықтайтын глюкометр шығаратын отандық «Аксель және А» компаниясында 40 адам жұмыс істейді екен.

Негізінен, компания өнімдері қант диабеті, жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққан және іш құрылысында ақау бар адамдарға қажетті өнімдер дайындайды.

«Біздің компанияда ин-витро медицинаға қажетті өнімдер дайындалады. Атап айтар болсақ, біз қандағы глюкоза концентрациясын тексеретін экспресс анализаторлар мен қант мөлшерін өлшейтін тест сынамаларды өндіреміз.

Біздің өнімдеріміз қанд диабетіне, жүрек-қан тамыры ауруларына ұшыраған адамдар үшін аса қажет. Сонымен қатар, қандағы холестерин, триглицерид пен глюзкола мөлшерін өздері өлшеп алу үшін жағдай жасаймыз.

Біздің басқалардан ерекшелегіміз – қажетті өнімді оңай әрі ыңғайлы қолдануға мүмкіндік бергеніміз. Шұғыл түрде қант мөлшерін өлшеу қажет болса, сырқаты бар жандар сенімді нәтижеге қол жеткізе алады.

Өкінішке қарай, қант диабеті ғаламдық эпидемияға айналды. Бұл дерт қазір жас таңдамайды. Жастар да, балалар мен қарт адамдар да жиі ауырады. Ал қант мөлшерін дер кезінде өлшемеу инфаркт, инсульт сынды қауіпті дерттерге алып келеді», - дейді компания директоры Баян Қасқабайқызы.

Ресми мәлімет бойынша, жыл сайын диабетке шалдыққандар саны он пайызға өсіп отырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1829165-merzimi-tken-almatyda-balalary-diabetke-saldykkan-ata-analar-su-sygardy/

pixel